Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Марат Сейтбекұлы Жұманқұлов мәлімдеді.
«2016 жылы Қазақстан Республикасының Перзидентінің өкімімен Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын жақсартуға және әлеуметтік-демографиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған 2016 - 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, жұмыс жүргізілуде. «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасында халықтың денсаулығына және өмір сүру ұзақтығына әсер ететін аурулар айқындалған. Бұл мемлекеттік бағдарламада 36 нысаналы индикатор айқылданған. Осы көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында бағдарламада халықтын десаулығына әсер ететің бес бағыт бойынша жұмыс жүргізілуде:
1. Жарақаттану, жазатайым оқиғалардан және уланудан өлім-жітім.
2. Жіті инфаркт.
3. Жіті инсульт.
4. Ана мен баланың денсаулығына әсер ететін аурулар.
5. Онкология аурушаңдығы және өлім – жітім.
«Қан айналым жүйесінің аурушаңдығын және өлімін төмендету мақсатында облыста бірнеше шаралар атқарылуда. Осы мәселеге байланысты:
1. Қайта даярлау және біліктілігін көтеру жолдарымен 60 – тан астам дәрігер 300-ден астам орта буынды медбикелер білімдерін жетілдірді.
2. 10 аудандық ауруханаға қан айналымы ауруларының ерте сәттен анықтау үшін холтер – тредмил тропонин анықтайтын және 12 каналдық ЭКГ аппараттар алынды. Нәтижесінде қан айналым жүйесінің аурушаңдық көрсеткіші 11% - ға төмендеп отыр. Ал өлім 27,8% - ға төмендеп отыр.
3. 22 санитарлық автокөлік алынды оның ішінен 2 реанимациялық көлік.
Ана мен баланың денсаулығын жақсарту мақсатында келесі шаралар атқарылды:
1. Наурыз айында Литва республикасы Каунас қаласының университет мамандарымен облыстық перинаталдық орталығында акушер – гинекологиялық көмекті нығайтуы бойынша семинар өткізілді.
2. Қайта даярлау және біліктілігін көтеру жолдарымен 23 дәрігер оқытылды, облыстық перинаталдық орталығында 182 маман оқытылды.
3. Облыстық балалар ауруханасының базасында консультативтік тасымалдау қызметі ұйымдастырылды.
4. Материалдық – техникалық базасын нығайтуға қаржы бөлінді.
Нәтижесінде облысымызда нәресте өлімі көрсеткіші 11,7% - ға төмендеуі байқалады, яғни көрсеткіш 1000 тірі туғанға 9,8 құрады, (2015 жылы бұл көрсеткіш 11,7 болатын).
Жарақаттанулардан жазатайым оқиғалардан, улану мәселелері бойынша:
1. Т.Рысқұлов, Талас аудандарында ауданаралық травматологиялық бөлімдер ашылды (барлығы 30 төсек).
2. Қайта даярлау және біліктілігін көтеру жолдарымен 46 дәрігер, 68 парамедиктер, 248 жедел жәрдем фельшері.
3. Облыста кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу жобасын енгізу үшін мамандардың оқытылуы жүргізіледі. Осы уақытта 100 дәрігер, осы тақырыпта оқудан өтті ал жылдың аяғына дейін брлығы 400 дәрігер оқытуға көзделіп отыр.
Онкология.
1. Онкология көмекті көрсету үшін 1 200 млн. теңге бөлініп отыр.
2. Облыстық онкологиялық диспансер ескі ғимараттан басқа ғимаратқа ауыстырылды. Бұл медициналық сапаға өзінің оң әсерін тигізеді.
3. Онкологиялық көмекті нығайту барысында Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы және Беларусь республикасынаң Гроднов облысының денсаулық сақтау бөлімімен мемморандум жасалды. Тәжірибе алмастыру барысында біздің бірқатар мамандар Беларусь республикасына іссапарға жолданған болатын.
4. Бекітілген жол картасы бойынша онкологиялық көмек 3 деңгейге бөлінген, әр деңгейде осы ауруға шалдыққан болмаса осы дертке күдікті пациенттерге көмектің көлемін және ол көмектің көлемі нақтыланған. Атап айтсақ диагнозын анықтау және емін бастау үшін 30 күн мерзім беріледі.
5. Онкологиялық ауруларды ерте анықтау үшін облысымызда скринингтер жүргізілді. Нәтижесінде аурушаңдық көрсеткіштің көбеюі байқалады. 100 мың адамға шаққанда 69,9 құрады (2015 жылы - 68,6). Онкология бойынша 3 скрининг тексеру жұмысы жүргізіледі: Сүт безі обыры облыс бойынша жоспардағы 24860 әйелдің 12480-і қаралды, жатыр мойны ісігі жоспардағы 23140 әйелдің 12710-і қаралды, тоқ ішек және тік ішек обыры бойынша 44214 адамның 30457-і қаралды, яғни онкология бойынша 92214 адамның 55647-і қаралып, 2144 онкологиялық алғашқы анықталған аурулар тіркелді , яғни 3,8% құрады»,- деп мәлімдеді спикер.
М.Жұманқұовтың айтуынша, күтілетін өмір сүру ұзақтығы (1000 адамға шаққанда) 2016 жылға 72,1 көрсеткіші бойынша жоспарланған. Жылдың соңына болжам бойынша орындалуы тиіс.
Халықтың денсаулық индексі 2016 жылдың І-жартыжылдығына 25,5%-ды құрады, (2016 жылғы жоспар – 17%), РЭДД порталына уақытылы деректерді енгізу және «Д» есепте тұратын тұлғаларды сауықтыру бойынша жұмысты жүргізу кезінде осы индикаторға жылдың соңына болжам бойынша индикатор орындалуы тиіс.
Зардап шеккендері бар жол-көлік оқиғасының саны 2016 жылдың І-жартыжылдығына 968 адамды құрады, (2016 жылғы жоспар – 1293 адам), жылдың соңына болжам бойынша бұл индикатор орындалмайды (1936 адам).
Жарақаттанулардан, жазатайым оқиғалардан және уланулардан болатын өлім-жітім көрсеткіші 26,2-ні құрады, (2016 жылғы жоспар – 74,0). 2015 жылдың ұқсас кезеңінде 100 мың халыққа шақанда 15,63 болған, жылдың соңына болжам бойынша бұл индикатор орындалады (62,9). Облыс бойынша индикаторды ықпал жасау үшін «Жарақат кезінде көмек көрсету Жол картасы» бойынша медициналық ұйымдарды деңгейіне және орналасуына байланысты 1,2,3 және 3 А деңгейіне бөліп, оларды ҚР ДСМ 2011 жылғы 6 маусымындағы №352 бұйрығына сәйкес медициналық мақсаттағы бұйымдармен, материалды – техникалық жабдықтармен жабдықталуға 230 млн. теңге жоспарлануда.
15-17 жастағы балалар арасында өзіне-өзі қол жұмсау деңгейі 100 мың адамға шаққанда 4,5-ті құрады (2016 жылғы жоспар – 17,2) жылдың соңына болжам бойынша бұл индикатор орындалады. Облыстан нысаналы көрсеткіші бойынша, 43037жасөспірімге шаққанда суицидтің 2 оқиғасы тіркелді (№7 ҚЕ және Жамбыл ауданы). Облыста кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу жобасын енгізу үшін, мамандардың оқытылуы жүргізіледі.
Демографиялық көрсеткіштер:
Жалпы өлім-жітім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 2,8-ге дейін өсіп, (2015 жылғы жоспар – 2,8), яғни көрсеткіш тұрақталған.
Ана өлім-жітімі әр 100 мың тірі туылғанға шаққанда 23,4-ті құрады (2015 жылдың 6 айында тіркелген жоқ).
Нәресте шетінеушілігінің көрсеткіші 11,7% төмендеген 1000 мын тірі туғандарға шаққанда 9,8-ді құрады (2015 жылы – 11,7).
Қанайналым жүйесі аурушаңдық көрсеткіші 2016 жылдың І-жартыжылдығына 1410,7 құраған 12,1% -ға төмендеді (2015 жылы - 1604,1). Қан айналым жүйесінің өлім көрсеткіші – 27,8- ге төмендеп, 93,4-тен 67,4 құрады.
Туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіші 2016 жылдың І-жартыжылдығына 9,8% төмендеп отыр 100 000 мың адамға шақанда 28,4, (2015 жылғы– 31,3).
Туберкулезден өлім көрсеткіші 2016 жылдың І-жартыжылдығына 1,7-ні құрады, (2016 жылғы жоспар – 3,7), жылдың соңына болжам бойынша бұл индикатор орындалады (3,4), облыстың орташа көрсеткішінен жоғары Сарысу (4,6), Жамбыл (2,5) аудандарында және Тараз қ. (2,2) құрады.
Қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім көрсеткіші 6 айға – 35,1 (2015 жылғы жоспар – 36,6) көрсеткіш - 4,1% - ға төмендеді. Қатерлі ісікпен болатын аурушаңдық 100 мың адамға шаққанда 69,9 құрады, 68,6 – ға қарағанда 1,9% - ға жоғарлаған. Жаңа қатерлі ісіктері бар науқастардың 5 жыл өмір сүру ұзақтығы көрсеткіші 6 айға – 42,7.
«Бірыңғай Ұлттық Денсаулық Сақтау Жүйесі шеңберінде стационарлық көмекті тұтыну деңгейін төмендету» 2016 жылдың І-жартыжылдығына 466,9-ды құрады, (2016 жылғы жоспар – 895), жылдың соңына болжам бойынша бұл индикатор орындалмауы мүмкін (933,8). Стационарлық көмекті облыстың орташа көрсеткішінен жоғары тұтыну деңгейі Қордай (320,5), Сарысу (314,7), Жуалы (294,9) аудандарында және №1 ҚБ ауруханасында (248,6).
Жалпы дәрігерлер ішіндегі МСАК дәрігерлерінің үлесі 2016 жылдың І-жартыжылдығына 25,7%-ды құрады, (2016 жылғы жоспар – 24,0), жылдың соңына болжам бойынша бұл индикатор орындалды.
Денсаулық сақтауда мемлекеттік-жекешелік әріптестік, сенімді басқару және жекешелендірудің іске асырылып жатқан жобалар саны бойынша 2016 жылдық жоспар бойынша - 6. Жылдың соңына болжам бойынша бұл индикатор орындалды. Облыс әкімінің 2010 жылғы 17 мамырдағы №171-ө өкімі негізінде медициналық ұйымдарын сенімгерлік басқаруға беру туралы жұмыс тобы құрылды. Жұмысшы тобы тарапынан сенімгерлік басқаруға беруге жататын денсаулық сақтау нысандарына жан-жақты талдау жүргізіледі. Сенімгерлік басқаруға 12 денсаулық сақтау нысанын беру жоспарлануда. Бүгінгі күні жұмысшы тобы осы бағытта жұмыс жүргізуде».