ОҚО-да халыққа ұсынылатын қызметтер оңтайландырылуда

Аймақ
16.08.2016, 18:05

13912830_1035872809862391_5554768706644971667_nОңтүстік Қазақстан облысында халыққа ұсынылатын қызметтер оңтайландырылуда. Ендігі жерде тұрғындар денсаулық сақтау саласындағы наркологиялық  және психоневрологиялық ұйымдарынан алатын анықтаманы алысқа шабылмай бір жерден алу мүмкіндігіне ие болып отыр. Яғни бұл екі қызмет түрін  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсететін болады,-деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгін облыс әкімінің  аппарат басшысы  Е.Әлімқұлов орталыққа арнайы барыпң аталған қызмет түрінің жүргізілу тәртібен  танысты.

Онда ол Елбасының «100 нақты» қадам Ұлт жоспарындағы «Ашық үкімет» жобасы аясында мемлекеттік қызмет түрлерін көрсету кезінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында жүзеге асырылып отырғанын айтты.

Сонымен қатар, облыста осы жоба аясында облыс әкімінің бастамасымен «Ашық әкімдік» жобасы енгізілуде.

14046082_1035872923195713_1998412494347276202_nБүгінгі таңда аталған екі қызметті ұсынушылар корпорация ғимаратына орналастырып, бүкіл материалдық, техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Қызмет алушылардың легін реттеу мақсатында электронды кезек жүйесіне енгізілді. Халыққа қол жетімділікті ұсыну «Ашық әкімдік» жобасының қағидасы.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен бектілген 174 мемлекеттік қызмет көрсету түрі болса, оның ішінде 171 түрі халыққа қызмет көрсету орталығы мен мелекеттік органдар арқылы ұсынылады.

Сұхбат

PhotoRoom