Шымкентте Түркиямен бірлескен ірі жобалар қолға алынады

Аймақ
17.07.2014, 14:02

 

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен облыстың ірі кәсіпкерлерінен құралған делегацияның Түркия еліне бизнестік іс-сапары барысында ауыл шаруашылығына қажетті заманауи техника мен құрал-жабдықтар өндіретін түркиялық «Agromaster» компаниясымен біріккен кәсіпорын ашу туралы, сондай-ақ «Kumkaya» компаниясымен нан және кондитерлік өнімдер өндіретін зауыт салу туралы меморандумдарға қол қойылды. Форум аясында өткізілген екіжақты кездесулер нәтижесінде оннан астам нақты жобалар бойынша келісімге қол жеткізілді. Атап айтқанда, олар: жоғары сапалы аяқ-киім шығару, құрылыс материалдары мен автобөлшектер өндіру (гипс өнімдері, керамика өнімдері, санфаянс, т.б.) «форд» маркалы жүк көліктерін құрастыру, тұрмыстық техника, тоқыма фабрикасы, қонақ үй құрылысы.

Хакан Демиржи – Түркиялық «Forelli» аяқ-киім шығару компаниясының өкілі:

Біздің компания Түркиядағы аяқ-киім шығару саласында жұмыс істейтін компаниялардың ең үздік ондығына кіреді. Бүгінгі бизнес форумда Қазақстанда шетелдік инвесторларға ұсынылатын жеңілдіктер туралы толық танысуға мүмкіндік болды. Ұсынылып жатқан салық төлемдері, жалпы шарттары бізге ұнап жатыр. Ендігі кезекте Оңтүстік Қазақстан облысында аяқ-киім шығару бойынша өндіріс орнын ашу жоспарда бар. Бұл бағытта бүгін біраз келіссөздер жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар нәтижелі болады деп ойлаймын.

Бизнес сапар аясында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев мен Ыстамбұл қаласы мэрінің орынбасары Хюсейн Эрен арасында ресми кездесу өтті. Қос тарап Қазақстан-Түркия арасындағы экономикалық қарым-қатынасты одан әрі дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнін талқылап, екі өңір арасындағы кәсіпкерлік саласын белсендендіру төңірегінде өзара пікір алмасты.

 

Сұхбат

PhotoRoom