ТӨЛЕ БИ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ АРАЛАДЫ

Аймақ
17.08.2016, 23:25

14064023_1036460146470324_5320176507872915620_n

Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданының әкімі болып жақында тағайындалған Бұхарбай Парманов елді мекендердің тыныс-тіршілігімен танысуда. Ең алдымен ол 19 262 халқы бар Бірінші Мамыр ауылдық округін аралап, ондағы әлеуметтік салалардың тазалығы мен абаттандыру жұмыстарына назар аударды.

Мұнан соң аудан басшысы  Алғабас, Тағайна елді мекеніндегі білім беру мекемелері мен әкімшілік ғимараттарын аралады. Сонымен қатар, Тағайна ауылындағы қызанақ өсіретін жылыжайдың жұмысымен танысты. Оңтүстік Кореяның технологиясымен жабдықталған ТОО «Жасулас» қызанақ жылыжайы  қазан айында 1 га жерден 70-80 тонна өнім шығаруды жоспарлап отыр.

Аудан әкімі сапары барысында мал сою, сүт өнімін қабылдайтын «Фацели» селолық тұтыну кооперативін аралап көріп, ондағы қызметкерлермен тілдесті. Аталған кәсіпорын тәулігіне 3 тонна ет, 1 тонна сүт  өндіріп «Фуд –Мастер Шымкент Компаниясына» жөнелтуде.

Жұмыс сапары соңында аудан әкімі ауыл округінің халқымен кездесіп,  алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Сондай-ақ, ол  облыс әкімінің жүктеген міндеттерін орындап, ауыз су мәселесін шешуді, ішкі жолдарды қайта жөндеуден өткізетінін атап өтті.

Таулы аймақта туризмді, мал шаруашылығын дамытуға қолайлы аймақ. Жаңа басшы осы салаларды да дамытып, мәселелерді шешеді деген сенімдеміз.

Сұхбат

PhotoRoom