Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Жамбыл облысы ТЖ Департаментінің бастығының орынбасары Алпысбаев Ерік Жомартұлы мәлімдеді. Оның айтуынша, ағымдағы жылы тіршілікті қамтамасыз ету жүйесіндегі апат туралы 3 хабарлама түсті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өткен жылы ұқсас оқиғалар тіркелген жоқ.
- Осы жылы алты айы ішінде техногендік сипаттағы 19 жазатайым оқиға тіркелді. Мұнда 34 адам зардап шегіп, оның ішінде 4 адам қаза болды. Өткен жылыдың ұқсас мерзімінде техногендік сипаттағы жазатайым оқиғалар туралы 10 хабарлама тіркеліп, салдарынан 10 адам зардап шекті, оныі ішінде 8 қаза болды.
Үстіміздегі жылдың 6 айында табиғи сипаттағы 66 оқиға тіркелді, салдарынан 67 адам зардап шегіп, оның ішінде 23 адам қаза болды. Өткен жылдың ұқсас мерзімінде 55 табиғи ТЖ мен оқиғалар тіркелді, нәтижесінде 48 адам зардап шекті, 8 адам қаза болды - деп мәлімдеді Жамбыл облысы ТЖ Департаментінің бастығының орынбасары.
Жамбыл облысында 2016 жылдың жазғы өрт қауіпті кезеңінде табиғи өрттер тіркелген жоқ. Ал 2015 жылдың ұқсас мерзімінде 1 табиғи өрт орын алды.
Сондай-ақ, облыстың көптеген су қоймалары демалыс, балық аулау, аң аулау мен шаруашылық әрекеттер үшін пайдаланылады, жыл сайын оларда адам өлімімен байланысты төтенше жағдайлар орын алады.
Есепті кезеңде облыс аумағында орналасқан су қоймаларындағы оқиғалар туралы 18 хабарлама келіп түсті, салдарынан 22 адам қаза болды. 2015 жылдың ұқсас мерзімінде 7 оқиға тіркеліп, салдарынан 7 адам қаза тапты.
Ал облыста жыл басынан 250 өндірістік және тұрмыстық өрт орын алған. Салдарынан 14 адам зардап шегіп, оның ішінде 4 адам қаза болды, оның 3-і бала. Материалдық шығын 27,4 млн. теңгені құраса, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өрт саны 11,3% көбейген. Жалпы облыста өрттен зардап шеккендердің саны 22,2% , ал материалдық шығын 1,4% азайған.
ТЖ департаментінің аумақтық бөлімшелері авариялық-құтқару жұмыстарына 1160 шығулар жүргізді, 238 адам құтқарылды, ТЖ зонасынан 328 адам қауіпсіз орынға көшірілді.
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі дабыл бойынша 788 шығу жасады, оның ішінде: өрттерге - 244, авариялық-құтқару жұмыстарына - 79, өрт ретінде есепке алынбайтын жану оқиғаларына - 435, жол-көлік апаттарына – 28; жалған шақыруларға - 2. Құтқарылған адамдар саны – 67, қауіпсіз орынға көшірілгендер – 328 адам.
Жедел құтқару жасағы 372 шығу жасады, 171 адам құтқарылды, 22 мәйіт шығарды - деп хабарлады Ерік Жомартұлы.