Шымкент әкімі Ғ.Әбдірахымов қаланың бірнеше аудандарындағы көшелерге тас төсеу жұмыстарының барысын тексерді. Естеріңізге салар болсақ, былтыр әкім аудан тұрғындарымен кездескенде инфрақұрылым, коммуналдық мәселелер бойынша тұрғындардың өтінішін тыңдап, түйткілді мәселелер бойынша салалық бөлімдерге тапсырма берген болатын. Сол тапсырмалардың бүгінгі таңдағы орындалу барысымен танысып, тұрғындармен кездесті. «Ақжайық» пен «Достық» ш/а 9,8 шақырымды құрайтын атауы жоқ 7 көше қайта құрылып, құрылыс жұмыстарына жергілікті бюджеттен 607,7 млн. тенге бөлінді. Сонымен қатар, «Асар-2», «Достық», «Ақжайық» шағынауданында 6,7 шақырымды
құрайтын 10 нан астам көшеге жалпы сомасы 26,3 млн. теңгені құрайтын шағал тас төселуде. Ғ. Әбдірахымов ұзындығы 6,5 шақырымды құрайтын магистрльді жылу жүйелерін қайта жөндеу бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс алаңында болды. Бүгінгі таңда 2000 метр құбырлар ауыстырылған. Бұл мақсатқа "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында 1,06 млрд теңге қаралып отыр. Жұмыстарды аяқтау мерзімі ағымдағы жылдың 15 қазанына жоспарлануда.