Кентауда 20 мүмкіндігі шектеулі азаматқа электронды арба берілді

Аймақ
31.08.2016, 14:56

IMG_2275Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай «Мейрімді жүрекпен» акциясы аясында 20 мүмкіндігі шектеулі азамат  күн сәулесімен  жүретін электронды арбамен қамтамасыз етілді.

Бұл игі іс қала әкімдігі мен Халықаралық қазақ-түрік университетінің  өкілетті кеңесі арасында түзілген меморондум негізінде жүзеге асып отыр.

Қайрымдылық шараға қала әкімінің орынбасары Рашид Мыңбай, ХҚТУ-нің вице-президенті Мустафа Нурсай мен Түркия Республикасы ТИКА ұйым өкілі Сатылмыш Невзатулла, қалалық мәслихат  хатшысы Т.Балабиев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, «АСАР» облыстық мүгедектер қоғамдық бірлестік мүшелері қатысты.

Аталған электронды арба қолмен емес, көлік секілді басқару арқылы жүргізіледі. Күн сәулесімен жүретін бұл құрылғы 30 шақырым жерге дейін жүруге мүмкіндік береді. Бір электронды арбаның құны 800 АҚШ долларын құрайды.

Айта кету керек, Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 1422 мүмкіндігі шектеулі азаматқа 1465 қол арба сатып алынып, оның 1107-сі таратылды. Сөйтіп, облыс бойынша 1064 мүмкіндігі шектеулі азамат қоларбаменIMG_2240 қамтылып, оның 43-не жеке оңалту жоспарына сәйкес бөлмеішілік және серуендеуге екі қоларбадан берілді. Айта кетейік, облыста  112 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі азамат есепте тұрады. Оның 53 мыңнан астамы І және ІІ топтағы мүгедектер болса, 42 мыңға жуық азамат III топтағы мүгедектер. Ал облыста бала кезден мүгедектер саны 17286 адамды құрайды. Оның ішінде, 7744 мұқтаж мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етіліп жатыр.

Сұхбат

PhotoRoom