Түлкібаста бірқатар әлеуметтік нысандар ел игілігіне берілді

Аймақ
31.08.2016, 18:30

IMG_4859Мемлекетіміздің Темірқазығы, азаматтығымыздың айшықты айғағы Конституциямыздың 21 жылдығына орай Түлкібас ауданында жаңа әлеуметтік нысандар ашылып, ел игілігіне берілді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәселен, Күмісбастау мен Шарафкент ауылдарында 150 орындық жаңа білім  ордасы салынып, жаңа оқу жылында оқушыларға есігін айқара ашты.

Күмісбастау ауылындағы 1928 жылы  негізі қаланған мектепті  апатты деп танып, облыстық бюджеттен 272 млн 693 мың теңгеге жаңа мектептің құрылысы жүргізілді.

IMG_4812Ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Ә.Тұрғымбеков барша тұрғындарды мерекемен құттықтап, ауыл халқының қуанышымен бөлісті. «Соңғы уақытта ауданымызда бірнеше ғимараттар бой көтерді. Әрине, мұның барлығы жақсы іс. Ал балаларға арналған нысандардың орны бөлек. Сондықтан бүгінгі шараның маңызы ерекше. Жаңа мектеп жаңаша жұмыс жасайды, нағыз білімнің ордасы болады деген ойдамыз. Осында оқитын оқушылар заман талабына сай жақсы, терең білім алады»,- деді аудан басшысы.

Мерекелі күні Кемербастау ауылының тұрғындары қос қуанышқа кенелді. Мұндағы 1 мыңнан астам тұрғын таза ауыз сумен қамтылды.  Ауыз су құрылысына облыстық бюджеттен 48 млн. теңге қаржы қаралған. Су құбырларын тарту жұмыстарын жүргізген «OSER –A- Group» мердігер мекеме құрылысты уақтылы аяқтап ел игілігіне тапсырып отыр.

 

Сұхбат

PhotoRoom