Шымкентте Қапал батыр көшесіндегі көпірдің бір жағы пайдалануға берілді

Аймақ
01.09.2016, 00:26

14068042_1781269735452719_8335396173671605998_nҚала əкімі Ғ.Әбдірахымов тұрғындарымен кездесу барысында Қапал батыр көшесіндегі жол өткелін қайта құру жұмыстары қыркүйектің 1-не дейін бітетіндігін айтқан.

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырысымен құны 1 млрд. 142 млн. теңгеге бағаланған Қапал батыр көшесіндегі теміржол өткелінің бір бөлігіндегі құрылыс 95 пайызға аяқталды. Қазіргі таңда құрылысқа жұмсалатын қаржының14203285_1781270098786016_5202699845765259108_n 689 млн теңгесі игерілген. Мердігер «Береке корпарациясы» көпір құрылысының бір бағытындағы екі қозғалыс жолағының жұмысын тәмамдаған. Өткелдегі күрделі жөндеу көрген аумақтың жалпы ұзындығы 170 метр болса, кіре беріс ұзындығы 253 метрді құрайды. Бүгінде жол бөлігіне асфальтбетон жамылғысы төселінген. Сала мамандарының мәлімдеуінше, көпір құрылысының ең қиын сәттері артта қалған. 2016 ж. қараша айына дейін өткелдегі құрылыс толығымен аяқталып, қолданысқа берілетін болады.

Сұхбат

PhotoRoom