Шымкентте ұлттық нақыштағы туындылар көрмесі өтті

Аймақ
01.09.2016, 23:26

3f30314be19be27d1c9d0e073241123b_LШымкентте ұлттық нақыштағы туындылар көрмесі өтті. «Алтын күн» шарасына қылқалам шеберлерінің ең таңдаулы 500-ден астам шығармасы қойылды. Әрбір туындының астарында еліміздің жеткен жетістіктері мен бабалар жолы бейнеленген. Шығарма авторлары Қазақ хандығынан бастап бүгінге дейінгі аралықты бір түсті суретпен бейнелесе, енді бір топ гобелен стилінде тоқып шыққан. Көрмеде ұлттық ою-өрнектің мыңдаған үлгісін жасаған Ғани Ілияевтің ұлы Сұлтанның да еңбектері тұр. Көпшілікті бұған дейін тек кілем мен текеметтің бетінен көрініп келген «Шаршы» оюы көбірек қызықтырды. Алматылық қылқалам шебері оюды жаңа қырынан бірнеше түрмен бейнелеген. Бауыржан Нұрмағанбетов, суретші /Алматы/: - Бұл ою екі түспен салынатын бұрын. Мен оны 16 түспен салдым сол ерекшелігі. Ол бұрын кілемнің үстіне салынатын. Бірақ әр ғасырдың өзінің ерекшелігі болады. Мен мынау шаршының жаңа түрін көрсетейін деп едім өзім ойлап тапқан. Соны осы суретке алдым. Әсет Әссанди, қала тұрғыны: - Сұлтан Ілияевтың шығармалары маған әжептеуір әсер қалдырды. Енді алтынның сынығы деуге болады Ғани Ілияевтың ұлы екен әкесінің бойындағы өнері дарыған. Жалпы мына суреттердің барлығында дерлік біздің ұлттық нақыш бар. Ұлттық рухты оятатын астарына үңілсек, үлкен бір жігер, күш жатыр. Сол жағы қатты ұнады маған. Бұл туралы 24.kz сайты жазады.

Сұхбат

PhotoRoom