Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыты жоғары сапалы жанар-жағармай өнімдерін шығарады

Аймақ
01.09.2016, 23:35

ШНОСШымкенттегі мұнай өңдеу зауыты жаңғырту жұмыстарынан кейін жоғары сапалы жанар-жағармай өнімдерін шығарады. Бұл туралы Премьер-Министр Кәрім Мәсімовке жұмыс сапары кезінде зауыт қызметкерлері айтып берді. Жоба бойынша жаңғырту және қайта құрастыру жұмыстары екі кезеңге бөлінген. Қазір дизельдік отынды гидротазалау қондырғысы жаңғыртылып, жанармай сапасы Еуро стандартына сәйкестендірілген. Сондай-ақ мұнай құрамындағы шикізаттарды бөліп алу процесін жетілдіру үшін өндіріске техникалық-инновациялық тың жобалар енгізілген. Қосымша бензиннің құрамын жақсартатын қоспа зауыттың құрылысы 67 пайызға біткен. Кәсіпорындағы тың жоба толық аяқталған кезде шикі мұнайды өңдеу көрсеткіші 90 пайызға жетеді. Зауыт жылына 6 миллион тоннаға дейін Еуро-4 және Еуро-5 талаптарына сай келетін өнім шығаратын болады. Одан бөлек мұнай құрамындағы шикізаттарды бөліп алу процесі жетілдіріледі. Мұнай өңдеу көлемі ұлғаяды,-деп жазады 24.kz.

Сұхбат

PhotoRoom