Шымкент әкімі Испаниядан Гран-примен оралған халықтық хореографиялық «Айгөлек» балалар ансамблін қабылдады

Аймақ
02.09.2016, 14:53

14184338_1782065262039833_7376788474098718481_nШымкенттік халықтық хореографиялық «Айгөлек» балалар ансамблі Испанияның Ллоретт дел Мар қаласында «Musica del Mar» - «Теңіз әуені» Халықаралық фестиваль-байқауына қатысып, Гран При Кубогы және «Үздік хореография», «Көрермен көзайымы» дипломдарын жеңіп алды. Бимен қатар ансамбль мүшелері халық аспаптарында орындаушылық және вокал бойынша өз өнерлерін көрсетті.

Осыған орай, қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «Айгөлек» ансамблін қабылдады.

Қазақ өнерін шет елдерде насихаттауға қосқан үлесі және Испания еліндегі Халықаралық фестивальдегі жеңісімен құттықтаған шаһар басшысы шығармашылық ұжымның алдағы еңбек жолына табыс тіледі.

Кездесуге Оқушылар сарайының директоры Н.Романова, ансамбльдің көркемдік жетекшісі Р.Каланова және 17 ансамбль мүшесі қатысты.

Айта кетерлігі, «Айгөлек» балалар би ансамблі 1943 жылы құрылған. Ансамбльдің негізін қалаған Цандекова А.Л. 1975 жылдан бері Р.Каланова14203176_1782065115373181_6532067016543389426_n ансамбльдің көркемдік жетекшісі қызметін атқарып келеді.

Бүгінгі таңда ансамбль 4-17 жас аралығындағы 200-ге жуық өнерлі өрендердің талантын ашуға ықпал етіп отыр.

«Айгөлек» ансамблі республикадағы ең байырғы шығармашылық ұжымдардың бірі. 1973 жылы ансамбль «халықтық» атағын, 1982 жылы Ленин комсомол сыйлығының лауреаты атағын иеленді.

2000-2016 жылдары Орта Азия және Еуропа елдерінде Халықаралық фестивальдерге қатысып, Гран-при және түрлі жүлделер иесі болған.

Сұхбат

PhotoRoom