Бұл туралы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Оңтүстік» индустриалды аймақ дерекциясының директоры Мұхтар Тұрабеков мәлім етті. Оның айтуынша, қаладағы «Оңтүстік» индустриялды аймағында 6347 жұмыс орнынның ашылуымен 77,95 млрд теңгені құрайтын 80 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде бүгінгі таңда 20,4 млрд. теңге болатын 39 жоба жүзеге асырылып, жалпы жұмыс орны 3089 бірлікке жеткен.
Ал 2016 жылы 656 жұмыс орнына арналған 4,9 млрд теңгені құрайтын 17 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделсе, келер жылы 2602 жұмыс орнына арналған 52,7 млрд теңгені құрайтын 24 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Сонымен қатар, баспасөз мәслихатында спикер Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» ИА инвесторлар мен қала қонақтарының жоғарғы назарындағы объект болып табылатынын айтып, аталған аймақта абаттандыру және көгерту мақсатында жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді. Мәселен, мұнда тегістеу жұмыстары жасалынып, 5 000 м3 қара топырақ тасымалданған. Ал 2015-2016 ж.ж. 1240 дана ағаш, сәнді бұта және арша көшеттері, 8000 м² аймаққа 22 105 дана гүл және көгал отырғызылған.