Шымкент қаласындағы «Тассай» индустриалды аймағында 1472 жаңа жұмыс орны ашылатын жалпы құны 18,9 млрд. теңгені кұрайтын 20 жоба жүзеге асырылуда. Олардың 8 жобасы осы жылы жүзеге асырылады.
«Тассай» индустриалды аймағы фармацевтика, машина жасау және жиһаз индустриясы секілді салалардың кластерлік дамуына бағытталған.
Сондай-ақ, машина жасау және металлургия секілді салалардың кластерлік дамуына бағытталған «Бадам» КТИА индустриялды аймағын атап өткен жөн.
Екі индустриялды аймақтардың («Бадам» КТИА, Тассай) жалпы көлемі 292 га құрайды. Ал аталмыш аймақтардағы өндірістік алаңдарының құрылысы биыл бітеді деп күтілуде. Және олардың инфрақұрылымдық сметалы құны 3,3 млдр. теңгені құрады. Жоғарыда аталған «Бадам» КТИА және «Тассай» индустриялды аймақтарына тартылған жеке инвестиция көлемі 76,9 млрд.теңгені құрады. Басқаша айтқанда инфрақұрылымға жұмсалған бюджеттің бір теңгесіне, 23,3 теңге жеке инвистиция тартылды. Бұл тартылған инвистициялар, негізінен 2013, 2014 және
2015 жылдарда шет елдердегі инвистициялық іс-шаралар аясында ұйымдастырылған іс-сапарлардың нәтижесі болып табылады.