Шымкентте «Дені сау ұлт - Тәуелсіздік тұғыры» бұқаралық жүгіру марафоны өтті

Аймақ
04.09.2016, 14:25

14225387_1073861799395448_1976076529670935192_nҚР Премьер-Министрі, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы, бірқатар Үкімет мүшелері бастаған қайырымдылық мақсаттағы ірі халықаралық  марафон эстафетасын Оңтүстік Қазақстан облысы жалғады.

Салауатты өмір салтын ту еткен оңтүстікқазақстандықтар «Дені сау ұлт - Тәуелсіздік тұғыры» деген ұранмен 5 шақырымды жүгіріп  өтті.

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келетін қайырымдылық14183970_1073861679395460_1634129141748677841_n марафонына 2 мыңнан астам қала тұрғындары, билік өкілдері мен мыңдаған жастар қатысты.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған спорттық шара соңында марафонның мәре сызығына алғаш жүгіріп келген жеңімпаздар марапатталды.

Салауатты өмір салтын қалыптастырып, бұқаралық спортты дамыту мақсатындағы игі бастама Оңтүстік өңірінде жыл сайын жалғасын табатын болады.

Сұхбат

PhotoRoom