Шымкенттің IT технологияны дамытуда мүмкіндігі зор

Аймақ
04.09.2016, 15:30

illustration-166Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов бір сөзінде "Шымкент - IT технологияның даму алаңына айналады" деп айтқан болатын. "Бүгінде IT-технология – бизнесті бастау үшін нағыз келешегі бар сала. Осы тұрғыда Шымкент қаласындағы жоғары, арнаулы оқу орындары, денсаулық сақтау, өнеркәсіп салаларына жаңа технологияларды енгізу қажет. Сол арқылы шаһарда шағын бизнесті дамытуға басымдық беруге болады. Әсіресе жастар көп шоғырланған Шымқала үшін бизнес-инкубатор жобалары мен жаңа технологияларға қатысты тың идеяларды қолдауға, жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамытуға басымдық беруге болады" дейді мамандар.   Расында  қазіргі  таңда IT - сыз өмірді елестету қиын.  Бұл тиімді жағдайды  кәдеге жаратуға Шымкент қаласының толық мүмкіндігі бар.  250 мыңнан астам жастар өмір сүріп отырған қалада IT-технологияны дамыту үшін көп шығын кетпейтіні белгілі. Себебі, бұл таза «ақыл-ой» еңбегінің жемісі.   Анығы, ақпараттық технология тұрғындардың өмір деңгейін жақсартып, жұмысын жеңілдетуге көмектеседі. Жаңа мүмкіндіктерді ашуды қамтамасыз етеді.  Мәселен, IT-технологияның Шымкенттегі тынысы ашыла қалса жас кездерінен бастап-ақ «жаңадан» кәсіпкерлік қызметін бастаған әлемге әйгілі бизнесмендер Джон Рокфеллер, Стивен Джобс, Марк Цукербергтың шаһарымыздағы болашақ программисттердің  өз бизнестерін  бастауына түрткі болатындығы анық,-деп жазады rgmedia.kz ақпараттық порталы.

Еске сала кетсек, 2013 жылы қабылданған "Ақпаратты Қазақстан - 2020" бағдарламасындағы айқын бағыттардың бірі осы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту болып табылады.  Ақпаратты қоғамды дамыту адами ресурстарды дамытумен сүйемелденуге тиіс екенін ескере отырып, Бағдарламада азаматтарға электрондық білім алу арқылы ақпараттық технологияларды игеруге және олармен жұмыс істеу дағдыларын алуға, өмір бойы оқуға және дайындалуға, қашықтан жұмыс істеуге, қолжетімді электрондық денсаулық сақтау қызметтерін алуға мүмкіндік беру үшін жағдайлар көзделген. Сондай-ақ, еліміздің неғұрлым ашық, қолжетімді және бәсекеге қабілетті экономикасын құру үшін Бағдарламада экономиканың негіз қалаушы салаларына зияткерлік жүйелерді барынша енгізу көзделген. Ақпаратты қоғамға көшу саясатының тиімділігі АКТ кеңінен қолдану және электрондық қызметтер көрсету бойынша бизнес пен мемлекеттің күш-жігерін шоғырландыруға байланысты болады.   «Ақпаратты Қазақстан - 2030» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстанның ақпараттық қоғамға көшуін іске асырудың қорытындылаушы кезеңіне айналады деп болжануда.

Сұхбат

PhotoRoom