Шымкентте Азиядағы ең үлкен аттракцион пайдалануға берілді

Аймақ
04.09.2016, 15:45

14088550_1043014535814885_7274922418819665411_nШымкент қаласындағы «Жайлаукөл» демалыс аумағының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл мерекелік шараға өңір басшысы Б.Атамқұлов пен қала әкімі Ғ.Әбдірахымов қатысып, салтанатты жиынды ашып берді. Басшылар жаңа ойын-сауық орталығының ашылуына байланысты қала тұрғындарын құттықтады. Демалыс14064013_1043014525814886_3663538017313763576_n аумағында барлық жастағы зияратшылар үшін 20 атракцион және 50 метрлік айналмалы дөңгелек орналасқан. 18 жабық кабинамен жабдықталған аттракцион 108 адамға лайықталған. Әрбір кабинаға қыста жылу, ал жазда салқындататын арнайы желдеткіш орнатылған. Қозғалыс кезінде аудио-экскурсия, хабарландыру трансляциясы жұмыс жасайды. Аттракцион кеңістікте 15 минут айналады. Алып шеңбер ТМД-дағы биіктігі жоғары үшінші дөңгелек шеңбер. Ал Азиядағы ең үлкен ойын элементіне 14046062_1043014499148222_8132850930462014420_nжатады. Келешек қаланың аймағында орналасқан «Shymkent City» саябағы көркейіп, қаланың шырайына айналды. Сонымен қатар, бұл аумақта көңілді көтеріңкі өткізу және спорттық шаралар ұйымдастыру үшін барлық жағдай жасалған.

Сұхбат

PhotoRoom