Шымкентте қала əкімінің қатысуымен қала əкімдігінің кезекті мәжілісті өтті. Күн тəртібінде Шымкент қаласының жылу маусымына дайындығы мен жұмыссыздық мəселелері қаралды. Қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы Т.Қасымбеков өз баяндамасында жылу маусымына биыл 575 млн.тг қарастырылғанын мəлімдеді. Бұл қаржы қазандықтардың жөндеуі мен жылыту жүйесін қайта құру мен изоляциялауға жұмсалады. Белгілі болғандай аталған жұмыстар кестеге сəйкес жүргізіліп, 1 қарашаға дейін аяқталады,-деп жазады rgmedia.kz сайт. Екінші мəселе бойынша шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымовқа Шымкентте жұмыссыздық деңгейі 5,2% құрайтыны жеткізілді. «Әлемдік тұрақсыздықтың басты қатері – жұмыссыздықтың өсуі. Елде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік те, салалық та – барлық бағдарламалар, тек әлдебір бөліктері емес, барлығы нақты жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан Үкіметке және әкімдерге 2013 жылдың өзінде-ақ төмендегіні іске асыруды тапсырамын: - кәсіпкерлікті дамыту және бизнесті қолдау жөніндегі бұрын қабылданған барлық бағдарламаларды ықпалдастыру; - бюджеттік қаражатты жұмыссыздардың және кірісі аз адамдардың көрсеткіші жоғары өңірлерге бөлу тетіктерін әзірлеу». Бұл Елбасының ел халқына жолдаған, қоғамдық маңызы айқындалған құнды құжатында айтылған тапсырмасы болатын. Осы орайда аталған бағытта қалада белсенді жұмыс жүргізіліп келеді. Халықты жұмыспен қамту жоспарына сай үстіміздегі жылдың 7 айында 11 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылыпты. "Жұмыспен қамту жол картасы 2020" бағдарламасының аясында 1522 адам жұмыс орындарына жіберілді, бұл белгіленген меженің 131,2% құрайды. Сонымен қатар, 160 адам 3 айлық білімін жетелдіру курстарына 5 мамандық бойынша жіберілді. Қоғамдық ақылы жұмыстарға 562 қала тұрғыны тартылды. Мәжілісті қорытындылаған қала əкімі аталған салалардың маңызды екенін жеткізді. Жауапты мамандарға жоспарланған жұмыстарды тиісті деңгейде атқарып, өз мерзімінде аяқтауды тапсырды.