Жамбыл облысындағы «Қақпатас-Қордай» сүт фермасы мал басын көбейтеді

Аймақ
04.09.2016, 16:57

20160902082805Жамбыл облысындағы  «Қақпатас-Қордай» автоматтандырылған фермасы күніне 3,5 тонна сүт өнімін өңдеуге жібереді,-деп жазады ҚазАқпарат. Қордай ауданындағы ірі шаруа қожалықтарының бірі «Қақпатас-Қордай» ЖШС мал шаруашылығын дамыту және еттің экспорттық әлеуетін арттыру бойынша мемлекеттік бағдарламаға қатысып жатыр, оған қатысуға қолдағы асыл тұқымды мал саны, жемшөп базасы, жайылым жағдайы мүмкіндік береді.  Өткен жылы «Қақпатас-Қордай» ЖШС 250 бас сауын сиырын ұстау үшін бұрынғы шошқа фермасын қайта жөндеуден өткізді. Сүт фермасын қайта өңдеу, жаңғырту және автоматтандыру үшін шаруа қожалығы 270 миллион теңге жұмсады. 250 миллион теңгеге швейцариялық «DeLaval» компаниясының заманауи автоматтандырылған жабдықтары алынды. 50 қордайлық тұрақты жұмыс орнына ие болды.  Күн сайын «Қақпатас-Қордай» ЖШС «Куликовский сүт өнімі» компаниясына 500 келі өнім, «Фудмастер Есік» ЖШС-ға 3 тонна сүт өнімдерін жеткізеді.  «Қақпатас-Қордай» сүт-тауарлы фермасының меңгерушісі Константин Оқасовтың айтуынша, Дүйсехан Қошалиев басқаратын серіктестікпен бірге заманауи талаптарға сай жаңа мал шаруашылығы20160902082750 кешенін тұрғызу жоспарлауда.  Жыл аяғына дейін «Қақпатас-Қордай» ЖШС табынын кеңейтіп, мүйізді ірі қара мал басын 600-ге жеткізуді жоспарлап отыр. «Қазір бізде Қазақстан бойынша ең өнімді болып саналатын алатау тұқымды 220 мүйізді ірі қара мал бар, - деп атап өтті К.Оқасов. - Бұл тұқымдағы мал өте жақсы денсаулығымен, төл өрбіту қызметімен ерекшеленеді . Алайда күнделікті сауын сүт көлемі 15-18 литрді құрайды. Ал әлемде тәулігіне 25 литр сүт беретін асыл тұқымды сиырлар  бар. Сондай асыл тұқымды мал сатып алу жоспарда бар. Біздің басшыларымыз  қазір Германияда сүтті сиырларды сатып алу шаруаларымен жүр».

Сұхбат

PhotoRoom