Талас ауданында жұмыс сапарымен болған Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев ірі кәсіпорындарды аралап, әлеуметтік маңызды нысандардың жұмысымен танысты, деп хабарлайды zhambyl.kz.
Өңір басшысы Ақкөл ауылының сыртқы су жүйесінің құрылысын көрді. Ауылдың сыртқы су жүйесінің ұзындығы 10,3 шақырым құрайды. Сметалық құны 348,0 млн.теңге. Облыс басшылығы ауыл шаруашылығы техникасының және ауыл шаруашылығы өнімдерін көрмесін аралады. Сондай-ақ, қатар өңір басшысы «Тalasinvestment Сompany» ЖШС-нің зауытында болды. Кәсіпорын жылына 15,0 мың тонна натрий цианид өндіреді. Жобаның құны 12,9 млрд. теңге. Жоба «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 4,5 млрд. теңге және «Моноқалаларды дамыту 2012-2020» бағдарламасы бойынша 750,0 млн. теңгеге қаржыланды. 408 адам тұрақты жұмыс орындарымен қамтылған.
Кәрім Көкірекбаев «Жамбыл Недр»ЖШС-нің жұмысымен танысты. Жоба 2014-2015 жж., индустриаландыру картасына енгізілген. Зауыт жылына 300,0 мың тонна М-400, М-500 маркалы цемент өндіреді. Жобаның құны 3,4 млрд. теңге. Қазіргі таңда 173 адам жұмыспен қамтылған. Зауыт толығымен іске қосылған кезде 150-200 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда. Құрылыс жұмыстары аяқталған.
Сондай-ақ, облыс әкімі Қаратау қаласындағы Санырақ батыр, Желтоқсан көшелердің жай-күйін тексерді, онда орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Шілдеде басталған жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың қазан айында аяқталады.
Сондай-ақ, ол "Игілік"КМК-ның жұмысымен танысты. Кәсіпорын 136 көпқабатты үй, 56 әлеуметтік нысандарды және мемлекеттік мекемелерді жылумен қамтамасыз етеді.
Облыс әкімі 250 орындық емхана құрылысын аралап көрді. Жобаның құны 1126,0 млрд.теңге. Құрылысты «Корпорация ЖилСтрой-Тараз» ЖШС-гі жүргізуде.
Бұдан басқа, өнір басшысы Ұлбике ақын атындағы мәдениет үйінде болды. Өткен жылы ғимаратқа сомасы 287, 455 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Кәрім Көкірекбаев жұмыс сапарының қорытындысы бойынша кеңес өткізіп, аудан басшылығына бірқатар нақты тапсырмалар берді.