Оңтүстік Қазақстанда 23 мың жас кәсіпкер бар

Аймақ
04.09.2016, 21:44

14222111_1050646081718397_8042451925364357457_nОңтүстік Қазақстан облысында  23 мың жас кәсіпкер бар. Істің ебін тапқан азаматтарға қолдау көрсету үшін Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы биыл 108 семинар ұйымдастырып, 525 жасқа арнайы сертификат берген. Облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібековтың төрағалығымен өткен жиында осы және өзге де маңызды мәселелер талқыланды. Облыс басшысы Бейбіт Бәкірұлы «Алтын қор» кадрлық резервінің жұмысын жандандыру үшін тиісті тапсырма берген болатын.  Бүгінгі таңда жоғағы оқу орнын үздік бітірген 70  түлек арнайы курстардан өткен. Олардың алғашқы легі мемлекеттік қызметке жұмысқа тұрған. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Болат Жанәбілдің айтуынша бірнеше түлек облыстық құрылыс басқармасында еңбек етуде. Биыл Жастар практикасы бағдарламасы бойынша тәжірибе жинауға ниетті жастардың да қатары артқан. Ал облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков жастарды жұмыспен қамтуға баса назар аударудың қажеттілігін айтты. Айта кетейік, осы жылы студенттік құрылыс және Жасыл ел бойынша атқарылған жұмыстар ауқымды.

Сондай-ақ, жиын барысында идеология бойынша аудан, қала әкім орынбасарларының мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы бойынша есептері тыңдалды. Басқосуда облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Б.Жанәбіл «Облыстағы мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы» туралы және аудан, қала әкімдіктер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестердің жұмысы туралы баяндама жасады.

Кеңесте жастар тарапынан қордаланып жүрген мәселелер мен жастардың көкейлерінде жүрген сауалдар қойылды. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың тиімді тәсілдерін нығайту мақсатында кеңес мүшелерінің ұсыныстары айтылды.

Сұхбат

PhotoRoom