Қала тазалығы шаһар билігінің жіті назарында. Осы мақсатта биыл үшінші рет «Таза қала» акциясы бастау алған болатын. Жыл басынан бері шараға қатысу үшін көше мен аула өтініш білдірген. Арнайы құрылған коммисия мүшелері айына екі рет тұрғындар тазалығынын қадағалайды.
Зухра Сәрсенбаева – Әл-Фараби ауданы Жангелдин көшесінің тұрғыны. Зейнеткер уақытының көп бөлігін бақшада өткізеді. Көпқабатты үйде тұратынына қарамастан аула гүлдерінің түр-түрін жайқалтып қойған. Көктем келе көшет отырғызып, көше тазалығына да бей-жай қарамайды. Көршілеріне де игі істі насихаттап, жұмыла жұмыс жасайды.
Шара аясында қазынадан 4 млн. қаржы қаралған. Мақсат – күн санап көркейіп келе жатқан қала сәулетіне сән қосу.Тұрғындарды күнделікті тазалыққа баулу. Бұл білгеге - тағылымды шаруа. Өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа үндеуге де сеп.
Шара қорытындысы қыркүйек айында, қала күніне орай белгілі болады. Ең таза әрі жасыл желекпен көмкерілген аула мен көше жеңімпаз атанатын болады. Ал, жеңіске жеткен әр ауданның тұрғындары 100, 150, 200, мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйлыққа ие болады.