Велошеруге облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев, облыс әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, құқық қорғау және сот органдары, аумақтық басқармалар мен мекемелердің қызметкерлері, жоғарғы және арнайы орта оқу орындары мен қала тұрғындары қатысты. Ісшараға жалпы 700-ден аса адам қатысты.
Велошеруге қатысушылар жалпы орталық «Достық» алаңынан – "Әулие-ата"халықаралық аэропортына дейн барды.
Атап айтсақ бұл салада атқарылған жұмыстар нәтижесінде облыс спортшылары республика чемпионаттарында 511 медаль алса, халықаралық жарыстарда 129 медальға ие болды.
Сондай-ақ, аймақта әрдайым дене тәрбие және спортпен 289,4 мың адам немесе 26,0 пайыз облыс тұрғындары шұғылданады.