Бейбіт Атамқұлов полицейлерге 78 жаңа көлік сыйлады

Аймақ
08.09.2016, 00:07

14199539_1054437578005914_5064551823226820470_nБүгін өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов Оңтүстік Қазақстан облысы  ішкі істер департаментінің Жергілікті полиция қызметінің жеке құрамына жаңа қызметтік автокөліктердің кілтін табыстады. Аталған іс-шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды.

Облыс әкімі жол патрульдік полиция қызметкерлеріне «КИА-РИО» маркалы 73 теміртұлпар мен учаскелік полиция инспекторларына «ВАЗ-2121010» маркалы бес арнайы автокөлігін беріп, қызметтеріне табыс тіледі.  Бұл арнайы көліктер Елбасының «100 нақты қадам» ұлт жоспары аясында бөлініп отыр.

«Құрылғанына бір жылға жуық уақытта жергілікті полиция қызметіне қоғамның көзқарасы оң болып, сенімі артып отыр. Сіздер қиын сәттерде қарапайым халықтың арқа сүйер сүйеніші әрі әділеттіліктің жаршысы болуға тиіссіздер. Алдағы уақытта да сіздер облыс тұрғындарының құқықтарын қорғап, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға барлық күш-жiгерін жұмсайды деген сенiмдемiн», - деді Б.Атамқұлов.14233026_1054437591339246_8676088877768515033_n

Көліктердің кілті жергілікті полиция қызметі батальонының 128 қызметкеріне тапсырылды. Жаңа көліктер заманауи құрылғылармен, рация, арнайы дыбыс белгісі және бағыттаушымен жабдықталған.

Шара барысында ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінен құралған қызметкерлер он баған түзеп, салтанатты шерумен жүріп өтті. Кездесу қонақтары мен қатысушыларына жаңадан алынған қызметтік автокөліктер көрсетілді.

 

Сұхбат

PhotoRoom