Шымкентте «Тамақ өнеркәсібі саласындағы жабдық пен технологиялар» – AgroProm Shymkent 2016 тақырыбында көрме өтуде. Шараны ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Оңтүстік» индустриалдық аумақты басқару компаниясы» ЖШС қолдауымен, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ұйымдастырып отыр,-деп хабарлайды shymkala.kz сайты.
Мақсат – агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция тарту, жаңа технологияларды және жабдықтарды таныстыру, шағын және орта бизнесті дамыту.
– Мұндай көрмелер тамақ секторы ірі өндірушілерінің арасындағы бизнес-байланысты нығайтуға, жалпы индустрияда тәжірибемен алмасуға сеп болады. Қазір біздің өңірде тамақ өнеркәсібін дамытуға ерекше назар аударылуда. Етті қайта өңдейтін 43, сүтті қайта өңдейтін 38, жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдейтін 35 кәсіпорын жұмыс істейді. Инвесторлар тартылып, өзге де жұмыстар тиісті деңгейде атқарылуда, – дейді ОҚО кәсіпкерлік индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Марат Қарабаев.
![]() |
![]() |
Азық-түлік, сусын, жеміс-жидек, ет және шұжық өнімдері арқылы тұтынушылардың көңілінен шығып жүрген 60-қа жуық компания қала тұрғындарына өз тауарын ұсынды.Олардың арасында Оңтүстік Қазақстан облысынан бөлек, Жамбыл, Алматы өңірлерінен келгендер де бар.
Көрме «Оңтүстік Қазақстан облысында Агроөнеркәсіп кешенін дамыту» тақырыбында дөңгелек үстелмен жалғасты.