Бейбіт Атамқұлов жамағатты Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Аймақ
12.09.2016, 10:20

14237484_1058546810928324_6154503858103157199_nОңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов Шымкенттегі облыстық орталық мешітте болып, айт намазына жиылған жамағатты Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

«Бұл қасиетті мереке бірлік пен ынтымақты, достық пен шаттықты насихаттайды. Құрбан айт мейрамы қанағат пен қайырымдылықты арттыратын мереке. «Құрбан» сөзі «жақындау», «тығыз байланыста болу» деген мағынаны білдіреді. Бұл күндер қайырымды жандар үшін сауапқа кенелудің айы болып саналады»,-деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, ол бүкіл мұсылман қауымы жыл сайын Құрбан айт мерекесін айрықша қуанышпен, зор ықыласпен қарсы алатынын атап өтті.

Бұл мерекеде мұсылмандар дұға тілеуге аса зейін қойып, игі істерді атқарып қалуға  ұмтылады. Аллаға жақындау үшін құлшылықтар жасайды.Бүгінгі қоғамда жастарымыздың басым көпшілігі өздерін рухани, адами тұрғыда дұрыс қалыптастырып жатқандары 14316782_1058546780928327_808525651737677825_nқуантатын жайт,-деді Б.Атамқұлов айт намазында жамағатпен кездесуінде.

Өз кезегінде облыстық мешіттің бас имамы Ахметжан Керімбек аймақтағы 800-ге жуық мешітте айт намазы оқылғанын айтып, бүгінде өңірдегі 1600-ден астам жамағат Құрбан айт мерекесін Меккеде қарсы алғанын жеткізді.

Айт намазынан кейін орталық мешіт жанында ұлттық ойындардан түрлі сайыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға арнайы жүлделер табысталды.

Сұхбат

PhotoRoom