Шымкентте азық-түлік белдеуі құрылады

Аймақ
15.09.2016, 00:41

14344288_1060693880713617_2726894127993740787_nБұл жөнінде өңір басшысы ҚР Президентінің тарапынан берілген тапсырмалардың орындалу бойынша өткен кеңейтілген мәжілісте айтты. Сонымен қатар, жиында Шымкент қаласының әкіміне қаланың даму жоспарына қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

Шымкент қаласын агломерациялық орталық ретінде дамыту мақсатында және қала халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін облыстың аудандары мен Шымкент қаласының арасында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өндірістерін құруға байланысты меморандумға қол қойылады.

«Қаланы азық-түлікпен қамтамасыз ететін аграрлық секторда шағын және орта бизнес белдеуін құруды тапсырамын. Сонымен қатар, жасыл белдеу құру мақсатында бақтар мен орман аймағындағы жерлерге толық тексеру жүргізу қажет деп білемін, - деді ол.

Сондай-ақ, Елбасының тапсырмаларына орай, өңірдің және аудан, қалалардың аймақтық даму картасы жасалады.

Сұхбат

PhotoRoom