ОҚО-да біріңғай «Оңтүстік экспорт» бағдарламасы әзірленбек

Аймақ
15.09.2016, 01:03

14264907_1060693877380284_4474245217124408090_nБұл туралы өңір басшысы Елбасы тарапынан берілген бірқатар тапсырмалардың орындалу жайы қаралған мәжілісте айтты.

«Оңтүстіктің тамақ өнеркәсібін дамытудағы әлеуеті артып келеді. Бүгінде Сайрам, Мақтарал, Сарыағаш аудандары өндірген өнімдерін экспорттап келеді. Осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында экспортталатын өнімдердің тізбесін жасап, біріңғай «Оңтүстік экспорт» бағдарламасын дайындауды тапсырамын»,-деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, облыс әкімі таза өнім экспорттау үшін, өңірдің өз брендін қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

Мәжілісте аймақ басшысы аудан, қала әкімдеріне өз өнімін экспорттауға қауқарлы әрбір тауарөндірушіге барынша қолдау көрсету қажеттігін айтып, ауданда өндірілетін өнімдердің тізбесін жасауды нықтап айтты.

Сонымен қатар, жиында Шымкент қаласының әкіміне қаланың даму жоспарына қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

Шымкент қаласын агломерациялық орталық ретінде дамыту мақсатында және қала халқын14329978_1060734567376215_8106450324336606853_n азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін облыстың аудандары мен Шымкент қаласының арасында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өндірістерін құруға байланысты меморандумға қол қойылады.

«Қаланы азық-түлікпен қамтамасыз ететін аграрлық секторда шағын және орта бизнес белдеуін құруды тапсырамын. Сонымен қатар, жасыл белдеу құру мақсатында бақтар мен орман аймағындағы жерлерге толық тексеру жүргізу қажет деп білемін, - деді ол.

Сондай-ақ, Елбасының тапсырмаларына орай, өңірдің және аудан, қалалардың аймақтық даму картасы жасалады.

 

Сұхбат

PhotoRoom