Шымкентте биыл 100 мың халық таза ауыз сумен қамтылады

Аймақ
16.09.2016, 16:46

%d0%b1%d0%b5%d0%b7-%d0%bd%d0%b0%d0%b7%d0%b2%d0%b0%d0%bd%d0%b8%d1%8f-1Шаһар басшысы Елбасы Н.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында жыл өткен сайын үшінші мегаорталық-Шымкент қаласы бюджетінің өсіп келе жатқандығын айтты. Бұл туралы ол қалалық мәслихатқа берген есепті кедесуінде мәлімдеді. Сонымен қатар, қала басшысы Елбасы міндеттеген тапсырмаларды жоғары деңгейде орындалуына бар күш-жігерін салатынын жеткізді.

Атап айтар болсақ, "Нұрлы Жол" бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 11 нысанның құрылысына 7,4 млрд.теңге бөлініп, қазіргі таңда барлық нысанның мердігерлері анықталып, 3,1 млрд.теңгесі игерілді. Ал, халықты инженерлік жүйелермен қамту бағытында қала тұрғындары орталықтандырылған сапалы ауыз сумен 85, канализация жүйелерімен 41, газбен 86, ал, сапалы электр қуатымен 84 пайызға қамтылған. Биылғы жылы барлығы 47 инженерлік жүйелердің құрылысына 18,6 млрд.теңге қаржы бөлінді.

Осы уақыт ішінде шаһарда 9 ауыз су құбырының құрылысы жүргізіліп, биыл оның 7-уі пайдалануға беріледі. Нәтижесінде 98 мың халық ауыз сумен қамтылады. Ал, электрмен қамтамасыз ету бағытында 10 жобаның құрылысы жүргізіліп, оның алтауының құрылысы аяқталды. Осылайша бұл көрсеткіш 84 пайыздан 88 пайызға өсті. Газбен қамтамасыз ету бағытында жүргізілген 8 жобаның 4 жобасы аяқталып, ел игілігіне берілді. 64 мың халық орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтылған.

Сұхбат

PhotoRoom