Қазығұрттың жүзімдері Ресейге экспортталуда

Аймақ
16.09.2016, 21:55

14316839_1062306550552350_9178555456603725520_nБүгін Оңтүстік Қазақстан облысы баспасөз қызметінің ұйытқы болуымен республикалық және облыстық журналистерге Қазығұрт ауданындағы «Аманкелді» ЖШС-на пресс-тур ұйымдастырылды.

Тілшілер онда шаруа қожалығындағы жүзім алқабы мен бау шаруашылығымен танысып, ондағы жұмысшылармен сұхбаттасты.

Бүгінде 150 гектар алқапқа егілген жүзімнің күздік түрлері жиналып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізуде. Осы күнге дейін жиналған өнімнің 150 тоннасы Ресейге жөнелтсе, басқа жемістердің 100 тоннасын шетелге экспорттаған. Күздік жиын-терім қызу жүріп жатқан шаруа қожалықта бүгінде 150 тонна жүзім, 100 тонна алма, 80 тонна қара өрік пен 80 тонна алмұрт асханалық-сортты жемістер жиналған. Жиналған 14355655_1062306717219000_566970433776606652_nөнімдер балғын түрінде күндегісі нарыққа саудалануда.

Жалпы ауданда 2266 гектар алқапқа бау-бақша өнімдері егілген болса, оның 500 гектары осы серіктестікке тиесілі.

Мұнан бөлек, шаруашылықта 2 мың тонналық жеміс-жидек пен көкөніс сақтайтын мұздатқыш қоймасы бар. Бүгінде Нұрлан Құралов басшылық етіп отырған «Аманкелді» ЖШС-не 3800 азамат маусымдық және тұрақты жұмысқа орналасқан.

Айданда өткен жыл жүзім дақылынан 1480 тн өнім алынса, биыл осы күнге 1200 тн жиналып жиын-терім жұмыстары жалғасуда. Ал жеміс-жидек дақылдарынан өткен жылы 3424 тонна өнім жиналған болса 2016 жылы бүгінгі күнге дейін 3772 тонна жеміс жидек жиналып жергілікт нарық пен Астана Алматы, Шымкент базараларында саудалануда.

Сұхбат

PhotoRoom