Жасыл қала құру үшін шаһарға қосылған Мәртөбе, Сайрам елді мекендеріндегі саябақтарды қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар 22 жаңадан қосылған елді мекендерді қамтылуда. Сонымен қатар, Бадам, Қошқар ата өзендерінің жағалауын көріктендіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы қала әкімі Ғ.Әбдірахимов қала мәслихатына берген есебінде айтты.
Өз есебінде шаһар басшысы қала тұрғындары үшін транспорт саласында бірқатар жұмыстардың атқарылып жатқанын мәлімдеді.
«Бір жаяу жүргіншілер өткелі, 9 магистралды көшені қайта құру, 5 елді мекеннің көшелерін қайта құру, 1 жол өткелін қайта құру, 59 көшені күрделі және 98 көшені орташа жөндеу, 47 тротуар салу, 20 бағдаршам орнату жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, қаланы 5 жерінен жол айрықтың жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда. Құрылысы келесі жылы бастау жоспарланған»,-деді қала әкімі.
Сондай-ақ, ол мМемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде қалалық әкімдік пен «Green bus Company» ЖШС-мен бірлескен автопарк ашу жөнінде меморандумға қол қойылғанын айтты. Қазіргі таңда, бірлескен «Шымкент Bus» компаниясы құрылып, жыл сайын лизинг арқылы 300 жаңа автобус алу жоспарлануда. Қала әкімінің тікелей басшылығымен қала тұрғындарының қауіпсіздігі, баспана және әлеуметтік инфрақұрылым жүйелерін жетілдіру бағытында да бірталай жобалар жүзеге асуда. Бұл ретте жергілікті полиция қызметіне «квадрокоптерлер», велосипедтер, автокөліктер берілді. Әрі қала көшелері мен аулалары жарықтандырылды. Қалада жол көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында 23 мектепке баратын тротуар, көше қиылысына бағдаршам, мектеп аумағынан жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршам, жол кедергілер орнатылды.