Бұл туралы қала әкімі Ғ.Әбдірахимов мәслихат депутаттарына берген есебінде мәлімдеді. Қала тұрғындары үшін баспана ең өзекті мәселе екенін айтқан ол, осы жылдың 6 айында іске қосылған тұрғын үй көлемі 165,3 мың шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен 3 есеге өскенін жеткізді. Ал, әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру бағытында қалада білім нысандарына қажеттілікті шешу үшін жұмыстар жасалнуда. Нәтижесінде, биылғы жаңа оқу жылында 2 жаңа мектеп, 3 мектепке қосымша құрылыс салынып, 2 700 орын пайдалануға берілді. Қалада зиялы қауым өкілдерінің ұсынысымен бірнеше жаңа іс-шаралар өткізілді. Спорт саласында биылғы жылы Бразилияда өткен жазғы олимпиада ойындарына 3 спортшымыз қатысып, жеңімпаздардың алғашқы ондығына енді. Әрі, «жоғары спорт шеберлігі» спорт мектебі ашылып, онда жекпе-жек, күрес, интеллектуалды ойын түрлерінен кәсіби спортшыларды дайындай бастады.
Айрықша атап өтерлігі, қала тұрғындарын бұқаралық спортқа тарту мақсатында «Shymkent Bike» жобасы жүзеге асырылды. Биылғы жылы қалада 200 волесипедке арналған 40 велостанция жоспарланып, қазіргі таңда 32 станция орнатылды.Одан бөлек, қала тұрғындары үшін 10 жерден «Street workout» пен шұғылдануға арналған алаңшалар ашу жоспарланып, бүгінгі күнге 4 жерден ашылды. Келесі маңызды мәселенің бірі - жұмыссыздық. Бұл бағытта қаламызда «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 8 айда 12415 адам қамтылды. Ал, мемлекеттік қызметті ұсыну барысында қала әкімі аппараты мен бөлімдерде «Ашық әкімдік» бағдарламасы енгізіледі. Бағдарламаны іске асыру үшін «фронт офис» (бірыңғай кеңес) құрылады. Мектептер мен балабақшаларға «электронды бақылау» ақпараттық жүйесін енгізу жұмыстары басталды.