Шымкенттегі өндірістік кәсіпорындар  156  млн. теңгеге жуық  өнім өндірген

Аймақ
16.09.2016, 23:57

1471849720_img_46882016 жылдың 1-ші шілдесіне қарағанда статистикалық органдардың мәліметіне сәйкес, Шымкент қаласында 543 кәсіпорындар тіркелген. Оның ішінде 83 - ірі және орта, 389 шағын және 71 қосалқы кәсіпорындар.

2016 жылдың қаңтар-маусым айларында өндірістік кәсіпорындармен  155 907,7 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5%-ға артты. Оның ішінде:

Кен өндіру өнеркәсібі кәсіпорындарында 864,0 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, 37,6%-ға артты.

Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында 131 768,0 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, 104,1%-ды құрады. Бұл өсім келесі салалары есебінен қалыптасқан:

- тамақ өнімдерін өндіру – 4%-ға;

- сусындарды өндіру –25,6%-ға;

- тоқыма бұйымдарын өндіру – 2,8%-ға;

- металлургия өнеркәсібі -2,5 есе;

- былғары және оған жататын өнімдерді өндіру – 14,5% ға;

- жазылған материалдарды басып шығару және жаңғырту – 26,7 есе;

- қағаз және қағаздан жасалған өнімдерді өндіру – 6,8%-ға;

- жиһаз жасау – 2 есе;

- химимялық өнеркәсіп өнімдерді өндіру – 3,1%-ға;

- резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру – 34%-ға;

- кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру- 42,7%-ға

-өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру –29,4%-ға.

Сұхбат

PhotoRoom