Өскеменде «Үлкен жолдың кезеңдері» жылжымалы көрмесі жұмысын бастады

Аймақ
17.09.2016, 00:17

????????????????????????????????????

Қорық-мұражай қызметкерлері дайындаған ҚР  Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған экспозицияны бірінші болып Өскеменде өтіп жатқан ІІ халықаралық «Ақ Ертіс» классикалық өнер фестивалінің қатысушылары көрді. Тамаша безендірілген 40-тан аса фотопланшеттер облыстық драма театрының фойесінде музыканттар мен көрермендерді қарсылады. Көрменің сюжеттік желісі «тарих және археология», «мәдениет», «денсаулық сақтау», «өнеркәсіп», «спорт», «табиғат» атты бірнеше тақырыптық блоктардан тұрады. Бұл туралы ҚазАқпарат  халықаралық ақпараттық агенттігі жазады.

«Фотокөрме көрермендерге біздің облысты бай тарихы бар, жедел дамып келе жатқан өнеркәсіптік және мәдени өңір ретінде таныстырады, көрермендер назарына қазіргі заманның жарқын көріністері, тамаша археология ескерткіштері, тұмса табиғат, әлеуметтік сааладағы жетістіктер ұсынылады», - дейді қорық-мұражайдың ғылыми-экспозициялық-көрме жұмыстары бөлімінің меңгерушісі Гүлнәр Смағұлова.

????????????????????????????????????

 

Табиғат сұлулығы және бірегей археология ескерткіштері, Өскемен мен Семей университеттері, жаңа спорт кешендері, соның ішінде 2012 жылғы Лондондағы Олимпиадалық ойындар чемпионы және РИО-2016 қола жүлдегері Ольга Рыпакова атындағы жеңілатлетикалық орталық, ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік стандарттарға сай салынған жаңа Қан орталығында болуы, ұлы Абайдың туған жеріндегі ескерткіш орындары, заманауи автозауыт - міне өткенін ұқыпты сақтап, болашаққа құлаш ұрған Шығыс Қазақстанның осындай әралуан келбеті  көрермендерге бар бояуымен және сәнімен ұсынылады.

«Үлкен жолдың кезеңдері» экспозициясы  өңір тынысын жарқын бояулармен ашып көрсеткен мәдени оқиға болды. Қонақтар Қазақстанның шығысын лайықты бағалады, ал шығысқазақстандықтарды өз өңірі үшін мақтаныш сезімі кернеді. Таяу күндері қорық-мұражайдың жылжымалы фотокөрмесі өңіраралық мәдени ынтымақтастық ауқымында Астанаға, содан кейін Петропавлға жол тартады.

Сұхбат

PhotoRoom