Өскеменде кәріз жүйелерінің жағымсыз иістерін жоюдың жаңа тәсілі қолға алынбақ

Аймақ
29.08.2016, 00:42

253Бұл үшін кәдімгі жасыл топинамбур қолданылмақ.  Кәріз коллекторларының түбіне жиналып қалған бір жарым мың тонна балшық арнайы полигонға шығарылып, үстіне көпжылдық өсімдіктер егіледі.  Биологтардың пікірінше, өсімдіктер барлық зиянды заттарды бойына сіңіріп, қоршаған ортаны қорғайды. Сынақ өткізу үшін арнайы тәжіребиелік алаң бөлініп, ол тереңдігі бір жарым метрлік арықпен қоршалады.  Және бұл аумаққа түгелдей жапырақты ағаштар отырғызылады. Жағымсыз иіспен күресудің бұл тәсіліне 18-20 миллион теңге шамасында қаржы керек. Ал кәріз жүйелері толық жаңғыртылатын болса, бұл жұмыстарға 4,5 миллиард теңгедей шығын кетеді екен.

Владимир Езенок, биолог -Бұл әдіс арқылы жағымсыз иістерді 2 есе жойып, оттегіні 2 есе артық бөлуге болады.

Елена Полянцева, экологиялық қауіпсіздік орталығының маманы -Қалалық әкімдік жобаны қолдады және сынақтан өткізуде. Өсімдік пен топырақтан алынған сынамалар дұрыс болып, қоршаған ортаға еш зияны болмаса бұл жобаны ел аумағында жаппай қолдануға болар еді,-деп жазады khabar.kz.

Сұхбат

PhotoRoom