Таразда жаңа оқу жылында мектептерде оқитын оқушылар саны – 64063

Аймақ
19.09.2016, 12:16

sam_1324Бүгін Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде  «Білім мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығы»  туралы пресс-конференция өтті. Пресс-конференцияға Тараз қаласы әкімінің орынбасары  Олжабай Кенжебек Мамашұлы, қала әкімдігі білім бөлімінің басшысы Заурбекова Гүлзия Расылханқызы, Тараз қаласының әкімдігінің ТКШ бөлімі басшысының орынбасары Деметбаев Қадырбек Рахымбекұлы  қатысты. Біраз жылдан бері жөндеу жұмыстары жасалмаған мектептерге  күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандығын хабарлады. Сонымен қатар, БАҚ өкілдерінің көкейкесті сұрақтарына жауап берді.

 Г.Заурбекованың айтуынша, Тараз қаласында жалпы мектеп саны – 59 (жалпы білім беретін күндізгі мектеп – 58, кешкі мектеп – 1), оның ішінде, бастауыш мектептер – 4 (№30,52,58,59), орта мектептер – 54.

-Жалпы Тараз қаласында жаңа оқу жылында мектептерде оқитын оқушылар саны – 64063, оның ішінде 1-ші сыныпқа қабылданғаны – 8543. Оқушылар саны өткен оқу жылымен салыстырғанда 3475 оқушыға  артып отыр. Ал күрделі жөндеуден өткізуге 2016 жылға 1 млрд. 223 млн. 098 мың теңге қаражат қарастырылған. Айта кетерлік жайт, 2015 жылға күрделі жөндеу жұмыстарына қаражат қарастырылған жоқ .  Оның ішінде,  «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы аясында қалаларды және ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілерді жөндеу» бағдарламасы бойынша 523 566,0 мың теңге қарастырылып, бірнеше нысандарға  нысандарға бөлінді . Атап айтсақ, -№24 гимназияға  - 257 862,0 мың теңге, №32 орта мектепке - 211 155,0 мың теңге, №37 орта мектепке - 131 479,0 мың теңге, №21 балабақшаға - 99 036,0 мың теңге -, деп мәлімдеді спикер.

- Жалпы жөндеу жұмыстарына 8 мердігер компаниясы қатысты.

Аталған мектептерде келісім-шартқа сәйкес жасалған кесте бойынша күрделі жөндеу жұмыстары атқарылып жатыр. 2016 жылдың 1 қыркүйегіне көрсетілген мекемелердің барлығында жөндеу жұмыстары аяқталмауына байланысты оқушылар жақын маңдағы мектептерге қатынап оқитын болды, әкімдіктің бақылауында екендігін хабарлады спикер.

Сұхбат

PhotoRoom