Шымкент қаласы әкімдігі қала күніне орай бір апта бойы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтетінін хабарлайды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен «Қала күні» мерекесіне орай, қала әкімдігінің ұйымдастыруымен 2016 жылғы 17 мен 24 қыркүйек күндері аралығында Шымкентте бір апта бойы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңке Қажымұхан атындағы орталық стадионда сағат 9.00-ден 13.00 аралығында өтеді. Мұнда арзандатылған бағада сапалы азық-түлік ұсынылады.