Шымкентте туризм саласы бойынша семинар-тренинг басталды

Аймақ
19.09.2016, 21:01

Оңтүстікте Экспо-2017 көрмесіне дайындық қолға алынды. Шымкенттіктерге Түркия мен Чехия елдерінен профессорлар келіп, туризм саласы бойынша дәріс беруді бастады.

Шымкентте туризм саласы бойынша семинар-тренинг басталды

«Ontustik Tourism Center» ақпарат орталығы ұйымдастырған семинар-тренингке келген бизнес-тренерлердің арасында Анадолы елінде мейрамханалар мен қонақ үйлер қауымдастығының президенті Бурхан Шенер мен чехиялық ПИАШДИ докторы Иржи Богачек те бар.

Шымкентте туризм саласы бойынша семинар-тренинг басталды

Жүзге жуық жерлесіміз олардан үш күн бойы тәлім алып, семинар-тренингтерге қатысуға мүмкіндік алып отыр. Студенттер төрт бағыт бойынша оқиды. Олар — гид-бағыттаушы, қонақ үй бизнесі, мейрамхана маркетингі және жарнамалау, туризм менеджменті. Дәрістер тегін беріледі. Бүгін қатысушылар теориялық білім алса, ертеңнен бастап дәрістер практикамен ұштастыра жүргізілмек. Бұл туралы otyrar.kz сайты жазады.

Шымкентте туризм саласы бойынша семинар-тренинг басталды

Алмагүл Нұрғалиева, профессор, семинар-тренинг ұйымдастырушысы: «Бір қызығы — шымкенттіктердің басым бөлігі қонақ үй саласын таңдап отыр. Оңтүстікте бұл бизнес жақсы дамыған болса керек деп ойладық. Семинар-тренинг бүгін ғана басталды. Келемін деушілер болса әлі де есігіміз ашық.»

Сұхбат

PhotoRoom