Шығыс Қазақстан жұртшылығы көкөніс атаулыдан таршылық көрмейтін болады. Еліміздің шығысында осы тапшылықтың алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр. Бірақ отынның емес, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің. Аймақтағы тұрақтандыру қорының мамандары: «2017 жылға дейін өңір жұртшылығы көкөніс атаулыдан таршылық көрмейді», – деп отыр. Қазір жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, қажетті деген тауарлар сатып алынып жатыр. Қазан айының соңына дейін Өскемен мен Семейдің қоймаларына 5700 тонна арзандатылған көкөніс пен жеміс-жидек жеткізіледі. Кейін ол өнімдер облыстағы 183 сауда нүктесіне таратылатын болады. Облыс орталығына 2500 тонна картоп, қырыққабат, сәбіз, қызылша және пияз бөлінеді. Семей қаласына болса, 3200 тонна өнім жеткізілмек. Болат Акужанов, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басқармасы төрағасының міндетін атқарушы -Қазан айының соңына дейін барлық азық-түлік қоймаларға жеткізіледі. Оны арнайы комиссия барып міндетті түрде тексереді. Тұрақтандыру қоры өнімдерінің бағасы 50 теңгеден аспайтын болады деп, сенімді түрде айта аламыз, - деп хабарлайды khabar.kz.