Халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі 2016 жылға арналған облыстық Кешенді жоспарға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысына жалпы 19,3 млрд.теңге бөлініп, 57 мыңнан астам адамды әлеуметтік қолдау шараларымен қамту жоспарланған.
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне 45 мыңнан астам азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды. Бұл жылдық жоспардың 79,3% құрайды. Жоспарға сәйкес бөлінген (19,3 млрд.) қаржының 11,6 млрд теңгесі игерілді.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші бағыты, яғни, «Инфрақұрылымды және тұрғын үй–коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша 541 жобаны жүзеге асыруға 9 млрд.теңге бөлінді. Нәтижесінде 83 инфрақұрылым жобалар бойынша жөндеу жұмыстары басталып, 1 544 жаңа жұмыс орындары құрылды.
Ал екінші бағыт бойынша «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамытуға» облыс бойынша 2016 жылға 7,2 млрд. теңге бөлінген. Бағдарлама шеңберінде 2 оператор анықталған: «Ауыл шаруашылық қаржылай қолдау қоры» АҚ және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ОҚОФ, соңғы қарыз алушыға 7 пайыздан аспайтын ставка бекітілді. 2016 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалпы 1 200-ден астам азаматқа 3,4 млн.теңге шағын несие берілді, орташа көлемі 2,6 млн.теңгені құрады, қосымша 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Кәсіпкерлік негіздеріне 529 адам оқытылды.
Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде Оңтүстікте «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасы іске асырылуда. Бүгінгі таңға 2 мыңнан астам қатысушы анықталып, 3,4 млрд. теңгеден асатын мөлшерге сұраныстары жинақталды. Жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижесінде бөлінген қаржыны мерзімінде толық игеру көзделуде.
Үшінші бағыт бойынша «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» :
- тұрақты жұмыспен 28 мың қатысушы қамтылды;
- 463–і оқуды аяқтап, оның 447–і тұрақты жұмыспен қамтылды.
- 4 900 нысаналы топтағы азаматтарға әлеуметтік жұмыс орындары ашылды, 5 мың жастар үшін Жастар практикасы ұйымдастырылды.
Жұмыспен қамтылған бағдарлама қатысушыларына жұмыс берушілер тарапынан 86,5% міндетті зейнетақы жарнасына аударылды.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде: 2016 жылдың 2 тоқсанындағы статистикалық мәліметтерге сәйкес жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды (республикадағы орташа деңгейі 5,0%), жастардың (15-28 жас аралығында) жұмыссыздық деңгейі 3,6 пайызды (республикада 4,2%), әйелдердің жұмыссыздық деңгейі 6,4% пайызды (республикадағы орташа деңгейі 5,7%) құрады.
Аталған өңірде жылдың соңына дейін жұмыссыздық деңгейін 5 пайыздан асырмау болжамдануда.