ОҚО-дағы «Зерде-Фито» экспорттық әлеуетін арттыруда

Аймақ
20.09.2016, 22:24

00520Шымкенттен шығатын «Зерде-Фитоның» дәрілік шөптері енді шетелге жол тартпақ. Серіктестік ғылыми әлеуетті қолдана отырып, фитопрепараттардың түрі-түрін өндіреді. Заман көшімен бірге ілескен өндіріс орнының ашылғанына биыл 18 жыл. Осы уақыт ішінде шымкенттік өнімдер отандық нарықта ойып тұрып орын алды. Соның бір айғағы - «Зерде-Фито» өнімдері - «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының жеңімпазы.

Мақсат Жұматаев, өндіріс басшысы

Қазір біз Қазақстанның барлық аймақтарын қамтып отырмыз. Алғашқы экспорт Қырғызстан, Тәжікстан елдеріне жол тартты. Енді Ресей, Беларусь Грузин елдерімен келіссөздер жүргізудеміз. Сондай-ақ, биологиялық белсенді қоспалар мен түрлі шөптерден жасалған көк шайлар тұтынушылардың сұранысына ие.

Компанияда 220 адам жұмыс істейді. Олардың күшімен жылына мың тоннадан астам өнім өндіріледі. Нышанбек Іңкәрбековке өз жұмысы ұнайды. Ол дайын өнімді арнайы қалыптарға салып, келесі желі - қораптауға жөнелтіп отырады. Осылайша, шикізатты сатып алудан бастап, дайын өнімдерді сақтауға дейінгі процесте сапа қатаң қадағаланады.

Нышанбек Іңкәрбеков, жұмысшы

Менің осында жұмыс істегегеніме 5 жылдай уақыт болды. Жарық, жылы бөлмелер жұмыс істеуге өте ыңғайлы. Жалақымызхды да дер кезінде береді. Жауапкершілік те жоғары. Әркім өзхіне жүктелген міндетті қалтқысыз орындайды.

hqdefaultБүгінде тұтынушылар табиғи, таза өнімдерге ден қоя бастаған. Осыны ескерген сарапшылар сұранысы зор жаңа фитошайларды көптеп шығаруда. Мұндағы мамандар фитотерапия қағидаларының қыр-сырына әбден қанық. Әртүрлі шөптерді араластыра отырып, препараттардың шипалық күшін арттыруға мән береді. Алдағы уақытта өндіріс басшылығы түрлі сығындылар мен  таза табиғи емдік өсімдік шикізаттарынан тез демделетін шайларды өндіру желісін іске қоспақ. Бұл туралы Қазақстан-Шымкент телеарнасы хабарлайды.

Сұхбат

PhotoRoom