Мәслихат Өскемендегі жол жүру ақысын қымбаттатты

Аймақ
24.07.2014, 17:18

Өскемен қалалық мәслихатының депутаттары автобустарда жол жүру ақысының жаңа тарифін 75 теңге деп бекітті. Бұрын ол 60 теңге болған деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Депутаттардан, әкімдік қызметкерлері мен тасымалдаушылардан құралған жұмыс комиссиясы 8 тасымалдаушы берген деректерге қарап көп уақыт бойы есеп жүргізді.

Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы Арман Ысқақовтың сөзіне қарағанда, бастапқыда тасымалдаушылар бір реттік жол жүру құнын 100 теңге деп есептеген, алайда қайта есептегеннен кейін ол 75 теңгеге шықты.

Енді депутаттар бекіткен трафикті қала әкімі мен әділет басқармасында бекітуі тиіс. Кейін ол БАҚ-та жарияланады. Жеңілдіктер қарастырылған азаматтар тобы үшін тарифтің өзгеруі не сол қалпы қалуы әкімдіктегі кеңестен кейін белгілі болады. Қоғамдық көліктегі жолақы құнының көтерілуі әзірге автобустарға ғана қатысты. Шағын автобустар жөнінде сөз қозғалмады.

Еске сала кетейік, қоғамдық көлікте жол жүру құнын көтеру мәселесі осы жылдың басынан бері талқыланып келеді. Тасымалдаушылар бірнеше рет бағыттарға шықпай, тарифтің көтерілуін талап еткен еді.

Сұхбат

PhotoRoom