ОҚО-да модельді ауыл кітапханаларының саны артуда

Аймақ
20.09.2016, 22:39

155df254dcdОблыстық «Отырар»  әмбебап - ғылыми кітапханасының бастамасымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына мәдени тарту ретінде «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 25 модельді кітапхана» атты акция өз бастауын алған болатын. Осы акция аясында Отырар ауданының Маяқұм ауылында жаңа заман талаптарына  сай ауылдық кітапханасына  «Модельді ауылдық кітапхана» статусы беріліп, арнайы шара өткізілді.

Шараға облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасынан арнайы өкілдері қатысып, «Маяқұм модельді ауылдық кітапхана» атты сертификатын табыс етті.

«Модельді ауылдық кітапхана» дегеніміз -  материалдық базасы нығайтылған, жүйелі түрде жаңа кітаптармен үзіліссіз қамтамасыз етіліп отыратын рухани орда.

Модельді ауылдық кітапхананың мақсаты – ауыл тұрғындарына кітап қорымен қатар технологиялық – ақпараттық қызметтерді тосқауылсыз қолжетімді ету. Осы мақсатта үстіміздегі жылдың қазан айында қосымша Отырар ауданының Көкмардан, Қоғам елді мекендерінде де модельді кітапхана ашу жоспарланып отыр. «Модельді ауыл кітапханалары» жобасының іске асуы ауыл тұрғындарын мәдениет құндылықтарына араластырудың тағы бір қадамы болып табылады. Себебі кітапхана ұрпақтар сабақтастығын болжайды, ұлттық болашақ рухани және өнегелі мұратын қалыптастырады, өйткені – болашақ бастауы ауыл түкпірінде.

Жалпы ауданда 25 ауылдық кітапхана  болса, оларда 276 мың кітап қоры бар. Сонымен қатар, жыл басынан бері сегіз мың кітаппен толыққан. Ал жыл соңына дейін аталған кітапханаларға 12 мың кітап жеткізіледі деп жоспарлануда

Сұхбат

PhotoRoom