Отырарда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына демалыс аймағы ашылмақ

Аймақ
21.09.2016, 01:05

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан облысында аудандарға көп көңіл бөлінуде. Мысалы, Отырар ауданына қарасты Темір елдімекенінде бұрын соңды болмаған аллеяның құрылысы жүргізіліп жатыр. Ауылдың қақ ортасынан орын тепкен демалыс аймағының жұмысы бүгінде 98 пайызға біткен.

Темір ауылы аудан орталығына жақын орналасқан. Екі мыңнан астам түтіні бар елдімекенде демалыс орындары жоқтың қасы. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында ел игілігіне берілетін аллеяның құрылысына жергілікті бюджеттен 48 миллион теңге қаржы бөлінген. Құрылыс жұмыстарын бақылап көрген аудан әкімі мердігер мекеме басшыларына кейбір олқылықтардың орнын толтыруды тапсырды.

«Жас Отан» ЖШС-нің директоры Мақсұт Мәуленов: «Жұмыстың 98 пайызы бітті. Өңірлерді дамыту бойынша болғандықтан осында 27 азамат жұмыспен қамту бөлімі арқылы жұмыс істеді. Қазір енді көгалдандыру және мына екі көшеге аяқжолдар салу істері қалды», - деп айтты.

Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында салынып жатқан саябаққа 40 соттық жер бөлінген. Бұл осы елдімекендегі Мұхтар Әлиев пен Бауыржан Момышұлы көшелерінің қиылысында орналасқан. Жалпы қаражатқа алдағы уақытта осы аталған екі көшені абаттандыру және жарықтандыру жұмыстары жүргізілмек.

Темір ауылының тұрғыны Арсыланқұл Романқұловтың айтуынша, бұл аллея елдің, ауылдың қуанышына айналып отыр екен. Жастар осыны сақтап, қадірлеп келешек ұрпаққа жеткізеді деп сенетінін жеткізді. Мынау елдің көркейгені ауылды көркейткені Елбасымыздың арқасы деп ойлайтынын да жасырмады.

Отырар ауданында биыл 9 әлеуметтік ірі жоба қолға алынуда. Аталмыш саябақ - соның бірі. Ауыл тұрғындарының қуанышын еселеп отырған демалыс аймағы қыркүйектің соңында ел игілігіне берілмек. Келер жылдары осы аллеяның жанынан тағы да ойын-сауықтыру нысандарын ашу көзделіп отыр,-деп жазады rgmedia.kz сайты.

Сұхбат

PhotoRoom