ОҚО-да жылыжайлардың көлемі  5,6 есеге артты 

Аймақ
21.09.2016, 01:19

b841c6f533d86b5c5e24c9a3e0662556Оңтүстік Қазақстан облысында жылыжайлардың көлемі 2010 ж. 200 гектарды құраған болса, бүгінгі күнге бұл көрсеткіш 5,6 есеге артып, жалпы көлемі 1112 га. жетті.  Бұл республика бойынша  жылыжайлардың  87%. Бүгінгі таңда жылыжайлар есебінен бірінші айналымнан 120 мың тн. өнім өндірілді, жыл соңына дейін тағы да 80 мың тн. өнім өндірілетін болады, жылыжайлардан алынған өнім арқылы облыс, Республика тұрғындарын қыс және ерте көктем мерзімдерінде сапалы көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етуге қол жеткізіп отыр.

Облыс тұрғындарын қысқы және ерте көктемгі мезгілде қол жетімді бағада жеміс - көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін, өңірде сиымдылығын 220,0 мың тонна болатын жеміс-көкөніс сақтау қоймалары бар.

Сонымен қатар, облыста соңғы үш жылда жерді жаңа әдіспен пайдалану жұмыстары жүргізілуде. Осы жылы терең қопсыту технологиясы 86 мың га енгізілді. Тәжірибе жүзінде мақтадан орташа есеппен 26 – 27 цн/га. өнім алынса, терең қопсыту технологиясын енгізген шаруашылықтар 40 – 45 цн/га. өнім алуда. Аталған технологияның катты топырақ ылғалдылығын сақтаудағы тиімділігін ескере отырып, алдағы уақытта бұл технологияны басқа дақылдар мен тәлімі жерлерге қолдану ұсынылып отыр.

Сұхбат

PhotoRoom