ОҚО-да «Отырар алқабының тарихи – мәдени мұрасы» атты экскурсиясы өтті

Аймақ
22.09.2016, 23:56

14354888_298226637229083_13529379252010903_nБүгін ауданымызда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Отырар алқабының тарихи – мәдени мұрасы» атты экскурсиясы өтті.

Экскурсияның ашылу салтанаты «Руханият-Әбунасыр әл-Фараби музейінің» алдында Отырар балалар саз мектебінің өнерпаздары әзірлеген әсем әндерімен бастау алды.

Аудандық білім бөлімінің «Жас туристер станциясы» МКҚК-ның үйірме мүшелерімен Отырар жерінің тарихи –мәдени нысандарын аралап, туған өлкеміздің тарихы мен Мәдени мұрасымен тереңірек танысып, балалардың бос уақыты тиімді ұйымдастырылды.

Аталған шараға аудан әкімі Е.Айтаханов қатысып өскелең ұрпаққа «Отырар-тарихтың 14440767_298226807229066_2586244649925097857_nтемір қазығы деп бекерге айтылмаған. Кез-келген саяси қоғамдық тарихқа көз жүгіртсек бәрі осы Отырар жерінен бастау алады. Сіздер, жас ұрпақ осындай тағлымы мол тарихымызды дәріптеп жүре беріңіздер» -деп тәрбие мен мағынаға толы лебізін білдірді.

Одан әрмен Отырартөбе қалажұртына тарихи шолу жасалып, Шығыс моншасы архитектуралық кешені мен құпияға толы Отырар қақпасының тарихы зерделеніп, Отырар қалажұртындағы «Бердібек сарайы» кешенінің таныстырылымы өтті.

Экскурсия жалғасы «Құмырашылар үйіне бағытталып», археологиялық қазба кезінде табылған көне мұралар ішінен қалыпқа құйылып күйдіріп жасалған әшекейлі қыш құмыралар көрсетілді. Жиын соңында үйірме мүшелерінің экскурсияға байланысты пікірлері тыңдалды.

Сұхбат

PhotoRoom