Шымкенттің басшысы шаһардың ең жас және ең қарт тұрғынын қала күнімен құттықтап барды

Аймақ
23.09.2016, 23:37

14368678_1067725540010451_8443139246936944365_nҚала күні мерекесіне орай, Шымкент қаласындағы №4 облыстық перинаталдық орталығында қаланың ең жас тұрғынын құттықтау рәсімі өтті. Отбасының қуанышын бөлісуге қала әкімі Ғ.Әбдірахымов арнайы келді. Айта кетейік, көпбалалы ана Ақбота Асанова отбасында жетінші перзентін, ал қала бойынша 22 300-ші сәбиді дүниеге әкелді. Яғни, Шымкенттің «Ең жас азаматы» – Ербатыр Хансеитұлы. Жас сәбидің отбасына қала әкімі туу туралы куәлікті салтанатты түрде тапсырды.

Сондай-ақ Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан азаматша А. Асановаға гүл шоғы,14433115_1067725440010461_8556006358565007715_n балаларға арналған қоларба және жас нәрестеге арналған сыйлық табыс етілді.

Бұдан бөлек, қала әкімі зейнеткер Назым Мәмбетәлінің үйінде болып, биыл 107 жасқа толып отырған қаланың ең қарт тұрғынына арнайы сый-сыяпатын табыс етті. Ардақты ана 1909 жылы Отырар ауданында дүниеге келген. Тыл еңбеккері өзінің ұзақ ғұмырында колхозда еңбек еткен. 10 баладан 31 немере, 19 шөбере сүйді.

Қала әкімі қаланың қарт тұрғынына теледидар сыйлап, оған зор денсаулық, жанұясына бақыт тіледі.

Айта кетейік, бүгінде қалада жасы жүзден асқан 19 адам тұрады. Оның басым көпшілігі Еңбекші ауданының тұрғындары аталады.

Сұхбат

PhotoRoom