ОҚО-да өз ісінің білгірі атанған 28 азамат марапатталды

Аймақ
23.09.2016, 23:46

14370019_1067824876667184_3201944906267758639_nБүгін өңір басшысы Б.Атамқұлов «Еңбек күні» мерекесіне арналған жұмысшылар мен еңбек династияларының облыстық форумына қатысты. Облыс әкімі жұмыскерлер мен еңбек династия өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.

«Еңбек адам  өмірінің  мәні  болып  қала  бермек. Жер бетінде жақсылық атты ұғым барда шынайы бақыт, еңбек бақыты да қоғамның бір құндылығы ретінде  сақталатыны анық. Тынымсыз еңбектің арқасында  үлкен құрметке бөленгендердің арасында бүгінде облыста 9 Социалистік Еңбек Ері, 1 Қазақстанның Еңбек Ері тұрады. Олардың есімдері облыс, Республика тарихына алтын әріптермен мәңгілікке жазылған», - деді аймақ басшысы.

Салтанатты жиында өңір басшысы өз саласында талмай еңбек етіп, өз ісінің білгірі атанған азаматтарға «Еңбек ардагері», «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалін табыстап, арнайы Алғыс хат және Грамота берді. Сондай-ақ, Б.Атамқұлов мерекелік жиында «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздарын марапаттап, жалпы, бүгінгі күні 2814449901_1067824826667189_7322048557686876322_n азамат құрмет пен қошеметке бөленді.

Айта кеткен жөн, биыл Еңбек мерекесін атап өту жылдағымен салыстырғанда өзгеше ұйымдастырылды. Атаулы күн бір күнмен ғана шектеліп қоймай, жыл көлемінде «Өз кәсібінің үздігі», «Үздік жас жұмысшы», «Үздік еңбек әулеті» деген конкурстар ұйымдастырумен, сонымен қатар, облыстың аудандары мен қалаларында «Еңбек» акцияларын, «Еңбек-баршаға» тақырыбымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкелерін, медициналық-әлеуметтік, аурухана және жалпы білім беретін мекемелердегі мүгедектер мен қарттар, әлеуметтік аз қамтылған тұрғындар үшін жұмыс орындарында бір күндік еңбек ақысын аудару бойынша «Қайырымды еңбек» акцияларының ұйымдастырылуымен ерекшеленді.

Еске салайық, Елбасы Н.Назарбаевтың жарлығы бойынша елімізде қыркүйек айының соңғы жексенбісі – «Еңбек күні» мерекесі болып белгілген. Осыған сәйкес, биыл аталған мейрам республикамызда үшінші рет аталып өтуде.

Сұхбат

PhotoRoom