Шымкенттіктер қала күнін тойлауда

Аймақ
25.09.2016, 00:05

14484671_1068564013259937_4016396725804692498_nБүгінгі таңда еліміздің үшінші үлкен мегаорталығы--Шымкент қаласының "Қала күні" мерекесі жоғары деңгейде атап өтілуде.

Оған дәлел, өткен аптада Шымқала төрінде түрлі мәдени, спорттық және қайырымдылық іс-шаралар өтті. Айта кетерлігі аталған іс-шаралардың барлығы сүйікті қаламыздың туған күніне орай ұйымдастырылды.

Бүгін, шаһарлықтар бір апта бойы тойлаған мерекенің соңғы күні болып отыр. Осыған орай, таңертеңнен бері қаланың барлық саябақтары мен орталық алаңдарында түрлі мәдени концерттер мен спорттық сайыстар өткізілуде. Сонымен қатар, қала аумағындағы атшабарда «Қыз қуу», «Бәйге», «Aударыспақ», «Теңге ілу», «Kөкпар», «Жамбы ату» сияқты ұлттық ат спорты ойындары, «Қoшқар көтеру» секілді қызықты сайыстар өтті. Осы реткі "Қала күні" мерекесіне арналған сайысқа Астана, Тараз14390727_1068564046593267_8559728834699456386_n қаласы, Ақтөбе және Алматы облыстарынан 100 ден астам спортшылар қатысты.

Мереке көрігін қыздыра түсу үшін «Наурыз» алаңында жемістер мен көкөністерден мүсіндер жасау және ұлттық киім үлгілерінің көрмесі өткізілді.

«Наурыз» алаңындағы мерекелік шаралардың жалғасы көркем өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласады. Думанды кешке отандық танымал өнер жұлдыздары «МузАрт» тобы, Қайрат Нұртас, Серік Ибрагимов және Еркін Нұржанов қатысып, Шымқала түнін әнмен әрлейді. Мерекелік кеш соңы отшашуға ұласады деп күтілуде.

Сұхбат

PhotoRoom