Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту ел экономикасын көтереді

Аймақ
25.09.2016, 00:25

1444283553_malyy-biznesТүркістанда болашағын кәсіпкерлікпен байланыстыратын азаматтар көбеюде. Мемлекет қолдауы осыған жеткізді. «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы мен «Ырыс» қаржы ұйымдарының өзі мұнда 1038 жобаны қаржыландырған. Бұл -  үш млрд. теңгеге жуық қаражат құйылған бастамалар. Нұрлан  Сәулебаев кәсіпкерлік мектебінде тәлім алып, бизнес әліппесін таныды.  Сөйтіп,  ағаш өндіретін цех ашты. Өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында 4 жыл бұрын «Ырыс» қаржы ұйымынан 9 млн. несие алған болатын. Кәсіп өрісін кеңейткен азамат қаражатын қайтарып, 14 пайызбен тағы бес млн. теңге алды. Қазіргі таңда 20-дан астам жерлесін жұмыспен қамтып отыр.

Ал, Ыбырай Мұхаммед-Райым жылыжай ісімен айналысады. Биыл 3-ші рет өнім алған азамат: «Жеміс-жидек, көкөніске тапсырыс көлемі жоғары», - дейді. Қазіргі таңда Түркістан қаласынан бөлек, өзге аймақтардың тұрғындарын да қызанақ, қиярмен қамтамасыз етіп отыр. Өнім тұқымдарын Голландия, Испания, Франция елдерінен әкеледі. Болашқта шаруашылық көлемін одан әрмен ұлғайтуды көздейді.

Жыл басынан облыстағы фермерлерге «Ырыс» қаржыландыру ұйымы  төменгі пайызбен 486 жобаны қаржыландырылуға 1,2 млрд. теңге көлемінде несие берген.

Шағын және орта кәсіпкерлікті қалыптастыру мен дамыту елдің экономикасын көтеруде маңызды рөлге ие. Бұл өз кезегінде қоғамдағы жұмыссыздықты түбегейлі жоюға мүмкіндік береді.

Сұхбат

PhotoRoom